Тергеу судьясының жұмысын жандандыру шаралары Елбасының бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадам»-Ұлт жоспарында жалғасын тапты. Нақты айтсақ, 22-қадамда адамның және азаматтардың конституциялық құқығын шектейтін барлық тергеу қызметі жөніндегі өкілеттікті тергеу судьясына біртіндеп беру арқылы сотта айыпталушы мен қорғаушы арасындағы теңдікті қамтамасыз ету мақсатында қойылды. Және ол мақсаттың орындауын тергеу судьяларының бас аяғы екі жылда өздерінің қоғамға қажеттілігі дәлелдеуі тездетті деуге толық негіз бар. Өйткені статистикалық деректер ел азаматтырының тергеу судьяларына жүгіну арқылы құқықтарын белсенді түрде қорғай бастағанын көрсетеді. Осының нәтижесінде тергеу судьяларының құзыреті кеңейіп, өкілеттіктері артты. Тергеу судьясының өкілеттігіне қарап-тексеру,тінту, айғақ зат алу, жеке тінту, күзетпен ұстау, үйқамақ,экстрадициялық қамақ, лауазымнан шеттету, жақындауға тиым салу, кепіл қолдану, мүлікке тыйым салу, мәйітті эксгумациялау, халықаралық іздеу жариялау т.б.кіреді.
Тергеу судьясының басты міндеті қылмыстық іс қозғалғаннан сотқа түскенге дейінгі аралықта сот бақылауын жүргізу, сондай ақ, ол Қазақстан азаматтары құқықтары қоғалуын прокурорлармен бірдей қадағалайды және өз құзыретіне кіретін мәселелерді сот отырысын жүргізбей-ақ жеке дара қарайды.
Сонымен қатар тiнту мен алуды жүргiзу тәртiбi ҚР ҚПК-нің 220,254-баптарына сәйкес жүргізіледі. Алу, егер іс үшiн маңызы бар белгiлi бiр нәрселер мен құжаттардың қайда және кiмде екенi анық белгілі болса, оларды, сондай-ақ тәркіленуге жататын мүлікті алып қою мақсатында жүргiзiледi.
Материал сотқа келіп түскен соң, тергеу судьясы тінту мен алуды санкциялау туралы өтінішхатты дереу қарайды. Тергеу судьясы өтінішхатты және ұсынылған материалдарды қарап шығып, санкциялайды не оны санкциялаудан уәжді қаулымен бас тартады. Тергеу судьясының шешімі сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамға жіберіледі.
Тiнту мен алуды сотқа дейінгі тінту мен алуды жүзеге асыратын адам уәждi қаулы бойынша жүргізеді. Тiнту жүргiзу туралы, сондай-ақ мемлекеттiк құпияны немесе заңмен қорғалатын өзге құпияны қамтитын құжаттарды алу туралы қаулыны тергеу судьясы санкциялауға тиiс.
Тiнту мен алуды жүргізу туралы қаулыны санкциялау осы Кодекстiң 220-бабының 13-1, 13-3 және 13-4-бөлiктерiнде көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.Тұрғын үй-жайда онда тұрып жатқан адамдардың еркiнен тыс алу осы Кодекстiң 220-бабының он үшінші, 13-1, 13-3 және 13-4-бөлiктерiнiң қағидалары бойынша жүргiзiледi.Айрықша жағдайларда, iздестiрiлiп жатқан және (немесе) алып қойылуға жататын объект оны табуды ұзаққа созудан жоғалуы, бүлiнуi немесе қылмыстық мақсатта пайдаланылуы мүмкiн болғанда не iздестiрiлiп жатқан адам жасырынуы мүмкiн болғанда тiнту және алу тергеу судьясының санкциясынсыз, осы Кодекстiң 220-бабының он төртінші бөлігінде көзделген тәртіппен жүргізілуі мүмкiн. Тiнту куәгерлердiң қатысуымен, ал қажет болған жағдайларда маманның және аудармашының қатысуымен жүргiзiледi.
Алу оның барысы мен нәтижелерін тіркеудің ғылыми-техникалық құралдары міндетті түрде қолданыла отырып жүргізіледі, қажет болған кезде оған маман және аудармашы тартылуы мүмкін. Тұрғын үй-жайларда, ұйымдардың үй-жайларында тiнту немесе алу осы Кодекстiң 220-бабының он бесінші және он алтыншы бөлiктерiнде көрсетілген адамдардың қатысуымен жүргiзiледi. Дипломатиялық өкiлдiктер орналасқан үй-жайларда, сондай-ақ дипломатиялық өкiлдiктердiң мүшелерi мен олардың отбасылары тұрып жатқан үй-жайларда тiнту және алу осы Кодекстiң 220-бабының он жетінші бөлiгiнде белгiленген талаптар сақтала отырып жүргiзiледi. Тiнтуді немесе алуды жүргiзу басталғанға дейін сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам оларды жүргiзу туралы қаулыны көрсетуге мiндеттi. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам тiнтуге кiрiскенде iс үшiн маңызды болуы мүмкiн, алынуға жататын нәрселер мен құжаттарды ерiктi түрде берудi ұсынады. Егер олар ерiктi түрде берiлсе және алынуға жататын нәрселер мен құжаттардың жасырылып қалғанына күмәндануға негiздер болмаса, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам одан әрi iздеу жүргiзбеуге құқылы. Тінту хаттамасында адамның табу үшін тінту жүргізілуі мүмкін нәрселер мен құжаттарды өз еркімен бергені туралы міндетті түрде көрсетіледі. Егер жабық үй-жайлар мен қоймалардың иесi оларды ерiктi түрде ашудан бас тартса, тiнту жүргiзген кезде олар ашқызылуы мүмкiн. Бұл ретте есiк тиектерін және басқа нәрселерді қажетсiз бұзуға жол берiлмеуге тиiс. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам алуды жүргізу кезiнде алынуға жататын нәрселер мен құжаттарды берудi ұсынады, ал бұдан бас тартылған жағдайда алуды мәжбүрлi түрде жүргiзедi. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам тiнту мен алу кезiнде сол үй-жайда тұрып жатқан адамның немесе басқа да адамдардың жеке өмiрiнiң анықталған мән-жайларының жарияланбауына шаралар қолдануға мiндеттi. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам тiнту немесе алу жүргiзiлiп жатқан үй-жайда немесе орында болған адамдарға және осы үй-жайға немесе орынға келген адамдарға тiнту немесе алу аяқталғанға дейiн ол жерден кетуге, сондай-ақ бiр-бiрiмен немесе өзге адамдармен сөйлесуге тыйым салуға құқылы. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам тiнту мен алуды жүргiзу кезінде iске қатысы болуы мүмкiн нәрселер мен құжаттарды алып қоюмен шектелуге тиiс. Айналымына тыйым салынған заттар мен құжаттар олардың iске қатысы бар-жоғына қарамастан алып қойылуға жатады. Тінту кезінде алып қойылатын нәрселер мен құжаттар куәгерлерге және басқа да қатысып отырған адамдарға көрсетiледi, тінту орнында қапталады, мөрленеді және куәгерлер мен оған қатысып отырған адамдардың қойған қолдарымен куәландырылады. Алу кезінде алып қойылатын нәрселер мен құжаттар қатысып отырған адамдарға көрсетiледi, алу орнында қапталып, мөрленеді және оған қатысып отырған басқа адамдардың қойған қолдарымен куәландырылады. Қажет болған жағдайларда тiнту жүргiзілген кезде фотосуретке түсіру, кинотүсiру және бейнежазба жүргiзiледi.
Соттың тiнту мен алуды санкциялау қаулысы дереу орындалуға жатады. Тараптар қаулыға келіспеген жағдайда, қаулы шығарылған күннен бастап үш тәулік ішінде тергеу соты арқылы қылмыстық істер жөніндегі сот алқасына шағымдануға және наразылық келтіруге құқылы екенін назарға саламын.
А. Исаева
Астана қаласы мамандандырылған
ауданаралық тергеу сотының судьясы