Сыбайлас-жемқорлық пен күрес!

Сыбайлас жемқорлық –бұл ғаламдық мәселе. Адам өмірінің әртүрлі салаларында сыбайлас жемқорлықтың көрінісі біздің еліміздің ғана емес, сонымен қатар халықаралық ауқымның проблемасы болып табылады, өйткені ол барлық елдерде, олардың саяси құрылымы мен экономикалық даму деңгейіне қарамастан, нарықтық экономикасы бар демократиялық мемлекеттерде де орын алады.
Мемлекетте сыбайлас жемқорлықтың болуы елдің өсу деңгейін және ауқымының дамуын тоқтатады. Сондықтан кез-келген жағдайда елдің сыбайлас-жемқорлықтың алдын алу және болдырмау басты міндет болып саналады.
Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор. Халық өздерінің құқықтарын, өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс –қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын толық білулері қажет.
Біздің қоғамда сыбайлас-жемқорлыққа орын жоқ.Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, еліміздің дамуына алға жылжуына азда болса көмек қолы ретінде сыбайлас-жемқорлықтың алдын салсақ, елімізге тигізер пайдамыздың сәлде болса көмегі болған іспеттес болып саналады.
Сыбайлас-жемқорлыққа қарсы күресу – бұл мемлекеттің ғана емес, барлық қоғамның міндеті. Біздің мақсат – сыбайлас жемқорлыққа қарсы азаматтық әрекеттерді құру және сыбайлас жемқорлық қылмыстарына қарсы әрекет үшін оның қызметін өрістету, бағдарлау қоғам мен мемлекетті азаматтардың заңдық қызығушылықтарын және құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету.

Уюмдасова Альмира Аскаровна
Орал қаласының
мамандандырылған
тергеу соты әкімшісінің
бас маманы