Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін алғаннан бері алдымызға қойған ең маңызды мақсат ол құқықтық мемлекет құру болатын еді. Әрине қазақ халқы құқық деген ұғымының төңірегінде толық өзінің өміріне кіргізе бастады құқытық кеңістік толығымен бізге енді деп санауға болады. Құқық деген ұғымның өзі ҮШ тұғырлы ұғымдардан тұрады 1 әділдік,2 теңдік, 3 еркіндік. Әр кез келген азамат Қазақстан азаматы басына күн туғанда немесе қандайда бір сұрақ туындаған кезде өзінің шешімін іздейді. Әділдіктің ең еркін салтанат құратын жері ол сот болып табылады. Сондықтан әрине сот дегеніміз «Цитиронның тілімен айтса сөйлеуші заң — ал заң дегеніміз мылқау сот» сондықтан азаматтардың ізденісі сотқа барып өзінің әділдігіне ие болуда.
Мемлекет басшысы Қасым–Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» жолдауын жолдады. Онда азаматтардың барлық сындарлы сауалдарына жедел және тиімді жауап беретін «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру міндетін қойды.
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру және өтініш берушілермен жұмыс сапасын арттыру мақсатында азаматтардың мемлекеттік органдарға жүгіну рәсімдерін барынша жеңілдетуге және олардың қаралуын бақылауды жетілдіруге арналған «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі әзірленді.
Өтініштермен жұмыстың барлық процестерін цифрландыру келесіні қамтамасыз етеді:
- өтініштерді мемлекеттік органдардың құзыреті бойынша бағытын автоматты түрде анықтау;
- мемлекеттік органдар арасындағы сұраныстар санын оңтайландыру есебінен өтініштерді қарау мерзімін қысқарту;
- өтініш берушіні өтінішті қараудың барлық кезеңдері, сатылары және мерзімдері туралы хабардар ету;
- мемлекеттік органдарға келіп түсетін барлық өтініштердің бірыңғай базасын қалыптастыру.
Сонымен қатар, «Е-өтініш» жүйесі өтініш берушімен кері байланыс жүйесін жүргізуге және мемлекеттік органдардың жұмыс сапасын бағалауға мүмкіндік береді.
Мемлекеттік органдардың жауаптары жүйелі талдаудан өткізіледі. Бұл жазылымнан бас тарту фактілерінің жолын кесуге ықпал етеді және нақты салаларда өтініштерді қараудың бірыңғай тәжірибесін қалыптастырады.
Сондай-ақ, мемлекеттік органдарға жүктемені азайту, типтік жағдайлар бойынша қағазбастылық пен төрешілдікті болдырмау мақсатында «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы базасында «Нәтиже» орталығының жұмысы енгізілуде. Оның міндеті тек өтініштерді қабылдауда ғана емес, сондай-ақ жүйеде «білім базасын» пайдалана отырып немесе тиісті мемлекеттік органның жауапты қызметкерімен қашықтан қызмет көрсетуді ұйымдастыру жолымен азаматтың мәселесін сол жерде шешілуін қайта өңдеу болып табылады.
Қазіргі таңда «Е өтініш» жүйесі сот процестерінің ашықтығы мен айқындығы, сот ісін жүргізудің тиімділігі мен объективтілігі, қолжетілімділігі электронды инновациялық жүйені одан әрі дамуына үлесін қосқан. Ақпараттық сервистерді қолдану сот қызметкерлеріде емес, сотқа жүгінетін адамдарды да қағазбастылықтан арылтып, соттардың қызметі жедел ақпарат алуға үлкен серпін берері сөзсіз
Динистанов Е.Б.
Алматы гарнизон Әскери
сотының бас маманы
сот отырысының хатшысы