Әдеп кодексі – мемлекеттік қызметшінің әліппесі
Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінде мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылатындығы және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне қатаң талаптар қойылатыны айтылған. Осы орайда Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мемлекеттік қызметшінің әдебі мен мінез-құлық мәселелеріне ерекше мән береді. Қазіргі таңда, мемлекеттік қызметшінің іс-әрекетіне қоғамдық бақылау күшейіп отыр. Бүгінде түрлі әлеуметтік желілер қарапайым халық өз пікірін ашық айта алатын бірден-бір құрал болып тұр. Демек, әлеуметтік желілер арқылы қоғамның өзекті мәселелерін, мемлекеттік қызметшінің тарапынан қандай ерсі қылықтар орын алып…








