Алқабилер тең мәртебеге ие
Алқабилер сотының ерекшелігі — сот төрелігін жүзеге асыруға кәсіби судьямен бірге арнайы құқықтық білімі жоқ, заңда белгіленген шектеулерден өтіп, арнайы таңдап алынған қоғам өкілдерінің қатысуында.Қазақстан Республикасының «Алқабилер туралы» заңына сәйкес, алқаби — сот тарапынан қылмыстық істі заңда белгіленген тәртіппен қарауға шақырылған және ант қабылдаған Қазақстан Республикасының азаматы.Алқабиге Қазақстан Республикасының Қылмыстық — процестік кодексiнде белгіленген тәртіппен қылмыстық іс бойынша сот төрелігін жүзеге асыруға қатысу жөніндегі өкілеттіктер берілген және алқабилер тең мәртебеге ие.Алқабилерге кандидаттардың бірыңғай тізімі соттың сұрау салуы бойынша Қазақстан…









