Жоғарғы Сот: еңбек даулары бойынша сот практикасын қорытындылады
Жоғарғы Соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасы 2021-2023 жылдарға арналған еңбек даулары бойынша сот практикасына талдау жасады. Қорытулар осындай келіп түсетін талап қоюлардың жыл сайын азайғанын көрсетті (2021 жылы – 6,7 мың, 2022 жылы – 6,1 мың, 2023 жылы – 5,3 мың). Бұл істердің басым бөлігі Астана, Алматы және Қарағанды облысының соттарында қаралған. Соттар негізінен осы санаттағы дауларды дұрыс шешеді. Қорытуларда соттылық мәселелері, мемлекеттік баждарды өндіру, дауларды шешудің сотқа дейінгі рәсімдері көрсетіледі және еңбек шартының қолданылу мерзімі, оны бұзу…







