
Алқабилер соты – сот төрелігін жүзеге асырудың ерекше нысаны. Бұл жүйеде кәсіби судьямен қатар қарапайым азаматтар да қылмыстық істің шешіміне қатысып, әділ үкім шығаруға ықпал етеді. Алқабилер институты әлемнің көптеген елдерінде бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі тәжірибе болып саналады. Қазақстанда ол 2007 жылдан бастап енгізілді.
Алқабилер сотының мақсаты
Алқабилер сотының негізгі мақсаты – сот төрелігін барынша ашық, әділ және халыққа жақын ету. Азаматтардың сот ісіне қатысуы:
- қоғамның әділетке деген сенімін арттырады;
- судьяның шешіміне жалғыз ықпал етпей, ортақ пікір қалыптастырады;
- азаматтардың құқықтық мәдениетін көтереді.
Алқабилер қалай таңдалады?
Алқаби болу үшін үміткер белгілі талаптарға сәйкес келуі керек. Ол: - Қазақстан азаматы болуы;
- 25 жасқа толған болуы;
- сотталмаған және сот жүйесіне қатысы жоқ тұлға болуы шарт.
Алқабилер жергілікті атқарушы органдар жасақтайтын тізімдер арқылы таңдалып, сот процесінде әділ қазылық жасауға ант береді.
Қай істер алқабилердің қарауына беріледі?
Қазақстан заңнамасына сәйкес, аса ауыр қылмыстар – мысалы, адам өлтіру, терроризм, мемлекеттік сатқындық сияқты істер алқабилердің қатысуымен қаралады. Бұл қоғам үшін қауіпті істердің шешімі бір адамның емес, халық өкілдерінің қатысуымен қабылдануына мүмкіндік береді.
Артықшылықтары мен қиындықтары
Артықшылықтары: - Әділдіктің халықтық үлгісін қалыптастырады;
- Қоғамның сот жүйесіне сенімін арттырады;
- Сот үкімдерінің объективтілігін күшейтеді.
- Кейде алқабилер заң нормаларын толық түсінбеуі мүмкін;
- Ұзақ сот процестерінде азаматтардың уақыт шығыны көп болады;
- Іс материалдарының құпиялығы сақталуы қиындайды.
Алқабилер соты – демократиялық қоғамның маңызды институттарының бірі. Ол әділеттіліктің салтанат құруына, халықтың билікке сенімін нығайтуға қызмет етеді. Қазақстанда бұл жүйе әлі де жетілдіруді қажет етеді, дегенмен азаматтардың сот төрелігіне қатысуы құқықтық мемлекеттің дамуына зор үлес қосатыны сөзсіз.
Ерденов Диас Нургалиевич
Қылмыстық істер жөніндегі
мамандандырылған
ауданаралық
әскери сот әкімшісінің Бас
маманы сот отырысының
хатшысы