Сот төрелігін жүзеге асыруға жайлы жағдай жасалуда
Атырауда мамандандырылған соттардың жаңа ғимаратының салтанатты ашылуы өтті. Рәсімге Жоғарғы Сот Төрағасы Асламбек Мерғалиев, Сот әкімшілігінің басшысы Наиль Ахметзакиров, облыс әкімі Серік Шәпкенов, облыстық соттың төрағасы Мұхтар Парменов және басқалар қатысты. Сөз сөйлегендердің барлығы мемлекеттің сот билігін дамытуға көңіл бөліп отырғанын атап өтті. 4 қабатты жаңа ғимараттың ауданы 9 мың ш.м. Онда 5 сот: әкімшілік, қылмыстық, тергеу, кәмелетке толмағандар істері және әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі соттар орналасады. Ғимаратта 17 сот залы бар, оның екеуі алқабилердің қатысуымен өтетін процестерге…







