Банктердің қызметі мемлекеттің дамуына қалай әсер етеді?
Қазіргі кезде нарықтық қатынастардың қалыптасу жағдайында ел экономикасында банк маңызды рөл атқарады. Банктер қызметінің мемлекеттің дамуындағы әсерін айтпас бұрын, банк сөзінің мағынасын ұғынған жөн. «Банк» сөзі итальянның «banco»-ақша ұсақтау сәкісі, орындығы дегенді білдіреді. Банк бір жағынан несие берушілердің ақша капиталын орталықтандыруды, екінші жағынан, заемшыларды орталықтандыруды білдіреді. Банк жүйесі мемлекеттік экономиканың ірі және маңызды әрі ажырамас бөлігі болып табылады. Сондықтан банктердің дамуы, олардың қызметі тұтыну саласында, материалдық және материалдық емес тауарларды өндірумен тығыз байланысты болады. Нарық банкті экономикалық реттеудің негізгі…









