Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, жыл сайын әлемде 18 миллионға жуық адам жүрек ауруларының салдарынан көз жұмады. Ал Қазақстан халқы жүрек-қан тамырлары ауруларынан қаза болатындардың саны жағынан ТМД бойынша көш басындағы елдердің қатарында тұр. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтері бойынша, жүрек-қан тамырлары аурулары әлемдегі өлім-жітімнің негізгі себебі болып отыр, еліміздегі көрсеткіштер де көңілге қонымды болмай тұр. Сонымен қатар, жүрек ауруларына шалдыққандар бұрынғыдай ересектер ғана емес, қазір жаңа туған сәбилерден де табылып жатыр, демек, бұл аурулар да жасарып келеді. Инфаркт дегенде бірден көз алдымызға жүрек ауруын елестетеміз. Бірақ, медицинада бұл дерттің бірнеше түрі бар екен. Олардың қатарында миокард инфарктісі (кең таралған түрі), ми инфарктісі (ишемиялық инсульт), бүйрек инфарктісі және көкбауыр инфарктісі бар. Сондай-ақ кардиология жүрегі мен қантамырлары зақымданған адамды аурудан айықтыру әдістерін жетілдірумен де шұғылданады.
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов пен барлық сала Министрлері жақында арнайы Америкалық кардиология қауымдастығының базалық жүрек реанимациясының оқыту курстарынан өтті. Онда олар жеке тәжірибе ретінде көмек көрсете білудің қырларын меңгерді. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығында ТМД аумағында алғаш рет америкалық кардиология қауымдастығының аккредитацияланған базалық және кеңейтілген жүрек реанимациясын (BLS, ACLS) оқыту бойынша халықаралық тренингтік орталығы ашылды. Америкалық кардиология қауымдастығы (AHA) кардиология саласында медициналық зерттеулермен, кардиологиялық ауру салдарынан болған мүгедектік пен өлім-жітімді төмендету мақсатында білім беру жобаларымен айналысатын АҚШ-тағы коммерциялық емес ұйым.
Халықаралық тренингтік орталық Қазақстан Республикасы халқының қан айналымы жүйесі ауруларын, оның ішінде емдеуге дейінгі кезеңде өлім-жітімін азайту мақсатында ашылған. Осы орталықты құрудағы басты мақсаттың бірі — АНА-ның бірыңғай стандарттарына сәйкес медицина қызметкерлеріне, сондай-ақ республика халқын базалық реанимацияға (BLS) үйрету.
«Жүрек ауруларының алдын алу үшін тағы бір жайтты айта кету керек, Қазақстанда скринигтік тексеруден өткізу бағдарламасы бар. Скринингтік тексеру дегеніміз, жасы 45-50-ден асқан кез келген азамат емханаға барып алдын ала тексеруден өтеді. Тексеру жолдарыс өте қарапайым және сол қарапайым тексеру кезінде қан қысымыңыздың жоғары болу қаупі төніп тұрса немесе қанның құрамындағы қанттың мөлшері жоғары болса, көз, жүрек ауруларының қауіпті топтарының бар екені анықталатын болса, ары қарай күрделі тексерулер жасалып, жүректі инфарктқа дейін жеткізбей, алдын ала емдеу тәсілдері жүргізіледі», — деді ол. Маманның сөзіне қарағанда, бұл бағдарлама аурулардың алдын алуға толық мүмкіншілік жасап отыр. «Қазақстандықтардың көпшілігі ол жөнінде білмейді, білсе де, жылына бір рет тексеруден өтуге бармайды. Ауруды асқындырып, жанына батқанда барып емдету күрделі болады, әрі қымбат болады және ұзаққа созылады. Соған жеткізбей, алдын ала емдеу өте оңай. Медициналық сақтандыруға көшудің де мақсаты – сол», — деді Алмат Қодасбаев. Жүрек пен қантамырлар жүйесінің аурулары (Жүрек демікпесі) әр түрлі жағдайларға байланысты:
- Бұлшықеттерге ауыр күш түсіретін жұмыстар — жүрек бұлшықеттеріне зақым келтіріп, жиырылу әрекетін төмендетеді. Жүрек бұлшықетін қанмен жабдықтайтын қантамырларды қанқатпа бітеліп, оттегі мен қоректік заттарды тасуға кедергі жасайды.
- Өте қауіпті жұқпалы ауруды қоздырушылардың бөлетін уы қанмен жүрекке жетіп, жүрек бұлшықеттерін зақымдайды.
- Қалқанша без гормонының не аз, не көп бөлінуі ырғақты жиырылуды бұзады.
- Жүрек қақпақшалары бактериялармен зақымданғанда жабылмай, жүрек жиырылғанда қанның кері ағуына әсер етеді. Жүрек — қантамырлары аурулары жүйке жүйесіне де байланысты.
Адам қартайған сайын артерия қантамырлары қабырғаларының серпінділігі төмендеп, қатайып, тығыздалып, қуысы тарылады. Мүшелерге қан аз келеді, артерия қантамырларында қан қысымы жоғарылайды. Қан қысымының көтерілуі бүйрек ауруына, жүйке жүйесінің күйзелісіне, дененің аз қозғалуына байланысты. Қан қысымы қатты көтерілсе, қантамырлардың жарылуы мүмкін. Миға қан қүйылу өте қауіпті. Себебі ми жасушалары зақымданып, бұлшықеттер жансызданады. Қол-аяқ әлсізденіп сал болады. Бұл кезде артерия қантамырларындағы қан қысымы сынап бағанасымен 200 мм-ден асады. Егер қан қысымы төмендесе, сынап бағанасының көрсеткіші 70-80 мм төмен болады. Мұндай аурулардың белгілері: бас ауырады, жүрегі айниды, құлағынан шу кетпейді, тамаққа тәбеті тартпайды, жүректің жиырылуы бірде жиілеп, бірде бәсендейді.»Инфаркт бір қайталанса, тағы қайталанады», «инфаркт алған адамның жүрегі бірден тоқтап қалады», «инфаркттен соң спортпен айналысуға болмайды» дегенді жиі естиміз. Бірақ дәрігерлер мұндай аңыздарға сенбеуге кеңес береді.
Әртүрлі елдер мен институттардың ғалымдары жүргізген бірқатар зерттеулер денеге пайдалы ғана емес, сонымен қатар жүрек-қан тамырлары ауруларының пайда болу қаупін төмендететін жидекті анықтады. Жүрек және қан айналымы денсаулығының күрестегі абсолютті чемпионы — жемістері полифенолдар мен антоциандарға бай қаражидек. Атап айтқанда, әртүрлі зерттеулерде қаражидектің жүрек-тамыр аурулары қаупін азайту қабілеті бірнеше рет байқалды. Сондай-ақ, қаражидектер антиоксидант қабілетіне ие және глюкозаны қабылдау мен өңдеуді жақсартады. Сонымен қатар, жаңа піскен қаражидектер холестеринді бөліктердің пайда болуына жол бермейді, ағзадағы қабыну процестерін басады және миокард қабыну қаупін азайтуға көмектеседі. Жүрек ауруымен ауыратын адамдарды емдеуде тиімді табиғи факторларды (минералды сулар, шипалы балшықтар, қымыз және шұбат) ұтымды пайдалану, жаңа дәрілік препараттарды клиникалық тәжірибеден өткізу және диагноз қоюда осы заманғы компьютерлік томографияны пайдалану іске асырылуда. Бірінші ұстамалы жүрек ауруы да, инфаркт та көбінесе күтпеген жерден орын алады. Дегенмен, дәрігерлердің айтуынша, ауру алдын ала сыр береді. Бірақ, адамдар белгілерді дұрыс түсінбей, өз денсаулығына уақытында мән бере бермейді. Сонымен, дәрігер қабылдауына қашан барған абзал? Ал жедел жәрдемді қашан шақыртуымыз керек? Сондай-ақ, ұстамалы жүрек ауруы кезінде өз-өзіңді қалай ұстаған дұрыс? — Кеудеге физикалық күш түскенде ыңғайсыздық сезілсе, дереу дәрігерге бару керек, — дейді Анна Полторанина. — Кеуденің сол жағы және астыңғы жағы немесе қолтық астында емес дәл ортасында ауырсыну сезілсе, дәрігерге көрінген жөн. Ауру көп жағдайда тамыр арқылы мойынға беріледі. Әлсіздік, жеңіл сырқат, суық тер пайда болады. Баспалдақпен көтерілу қиындап, жоғарыға көтерілу барысында үзіліс жасайсыз ба? Тыныс алуыңыз қиындай ма? Алқыну емес, кеудедегі ыңғайсыздық: кеудені қысу, басу, кейде шаншу, кейде қыжыл сынды сезіледі, бірақ, тоқтағанда бұның барлығы басылып қалса, бұл ең басты белгі. Дәрігерлердің айтуынша, егер кеудедегі жоғарыда атаған ыңғайсыздықтар қозғалыста болмаған жағдайда пайда болса, бұл өте қауіпті. Қозғалыссыз отырған уақытта ауырсыну 15 минуттан артық созылса, бұл — инфаркт. Сондықтан, қозғалыс кезінде ауырсынуды сезінсеңіз тоқтап, бір жерге отыра тұрыңыз. Егер ауырсыну басылмаса, жедел жәрдемді шақыртыңыз. — Біздің қаншама кардиологиялық науқасымыз асқазан ауруынан емделгендігін білесіз бе? Науқастардың айтуынша, жұмыс істеп жүргенде кеудесі қысып кететін көрінеді. Біраз тынығып, ас содасын ішкеннен кейін ауру басылғандай болады. Ол жай ғана уақытша тыныштандырады. Ал оның соңы инфарктқа әкеп соқтырады, — дейді кардиолог.
Заманауи зерттеу институттары бұл салаға қосар үлесі зор екенін естен шығармау керек. Технологиялардың даму кезінде кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу коммерциялық емес акционерлік қоғамы қазіргі кезде кандидаттар іріктеуде келесідей біліктіліктер мен дағдыларды талап етеді:
Стратегияны айқындау, бірнеше қызмет пен процесті жоспарлау және интеграциялау деңгейіндегі дәлелді басқарушылық дағдылардың болуы;
Медициналық қызметтерді тиімді көрсету, клиникалық базаны ұйымдастыру және персоналды дамыту саласындағы үздік тәжірибелер мен технологияларды меңгеру;
Қызметті үздіксіз жетілдіру, бизнес-процестерді стандарттау, оңтайландыру және автоматтандыру саласындағы біліктілігі, бизнестің шұғыл және ұйымдық үлгілерін меңгеру;
Ғаламдық салалық трендтерді білу, Қазақстан Республикасының және аталған ұйымның серіктес елдерінің нарық жағдайларын меңгеру;
Жұмыс барысында басқа компаниялар мен бизнестің басқа салаларының озық тәжірибелерін пайдалана білу;
Келіссөз жүргізу дағдылары (сендіре білу, өзара тиімді іске бағдарлау) және дамыған қарым-қатынас дағдылары (басшылармен және еңбек ұжымымен байланыс);
Жергілікті және халықаралық деңгейде жоғары деңгейдегі денсаулық сақтау желілерімен кең байланыс орнату (мүмкіндігінше)
Ағылшын тілін еркін меңгеру. Жан-жақты дамыған мамандардың біліктілігі өте маңызды екенін көреміз. Сондықтан салалардың өзара байланысы жетістіктерге бірлесе жетуге көмегін тигізеді.
Әр адамның өз ауырсыну шегі болады. Сондықтан сезім дәрежесіне бейімделуге болмайды. Кейде адамдар қатты ауырсынуды түсінбей, жай ғана ыңғайсыздық сезініп, дем алысы ауырлайды. Оның үстіне бұл тыныс алумен байланысты емес. Адам кеудесімен толық тыныс алады, тыныс алу үрдісінің өзі ауыр емес, алайда, ауа жетіспейді. Бұрылу немесе басқа да көкірек қуысының қозғалыстары кезінде ауырсынса, ол жүрек ауруы емес, бұлшық еттердің ауруы. — Жүрек ауруы бар кісінің басты заңы: шаршадың ба? — демал. Қозғалыс кезінде біраз болсын ауырсыну сезінсеңіз, отырып тынығыңыз, — деп кеңес береді кардиологтар. — Себебі сіз қозғалыста болғанда жүрек жиі жұмыс істейді. Сол себепті жүректі тынықтыру керек. Мүмкін бұл инфаркт емес, жай ғана жүрек ұстамасы болар. Ал егер ауырсыну басылмаса, онда тез арада жедел жәрдемге қоңырау шалған абзал. Украина кадиологы Владимир Жоврин: — Жасанды жүрек имплантациясын жасаудың әдіс-тәсілін шебер меңгерген қазақстандық әріптестерімді құттықтағым келеді, бұл — елдегі медицина саласының жоғарғы көрсеткіші. Нұр-Сұлтандағы ұлттық кардиология орталығы осындай отаның түрін жасау арқылы – саланың әрі қарай дамуына себепкер болады. Еліміздегі денсаулық саласының дамуы медициналық туризмнің қанатын жаюға мүмкіндік беріп жатыр. Сарапшылардың пікірінше, біздің елге Үндістан, Чехия, Италия, АҚШ, Ұлыбритания, Қытай елінен келіп емделушілер көп екен. Медициналық қызмет көрсету нарығына өзге елдің азаматтарынан ұсыныстар түскен. Олардың Қазақстанға келудегі мақсаты– күрделі операция жасайтын білікті мамандардың жеткілікті болуы.
Сонымен, қазіргі заманның призмасында кардиология үлкен белестерді бағындыруда деген сенімдеміз. Қазақстанның аумағында халықаралық тренингтік орталықтар құру шұғыл медицина, төтенше жағдайлар қызметі және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің базалық және кеңейтілген реанимациясын көрсетуді үздіксіз және сапалы оқытудың сенімді жүйесін құруға мүмкіндік беруде. Дегенмен, жасалған еңбектің ойдағыдай нәтиже беруіне барынша осы саланы стандарттау, оңтайландыру және автоматтандыру қажет.
Айтулов Т.