Қазіргі таңда клиникалық анестезиологияның, реаниматология жəне қарқынды терапияның дамуында реанимация мен қарқынды терапияның негізгі əдістерімен, сондай-ақ анестезиология негіздерімен таныс барлық мамандық дəрігерлерінің жағдайы ауыр науқастарды емдеуінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін маңызды сапалық өзгерістер болуда. Анестезиология жəне реаниматология дамудың үлкен жолынан өтті жəне əртүрлі бейін науқастарын емдеуде, əсіресе шектік жəне терминальдық жағдайдағы пациенттерді емдеуде маңызы зор дербес клиникалық мамандыққа айналды. Операцияның барлық кезеңдерінде науқастың қауіпсіздігін сақтау және зақымданған ағзаның ауруын жеңілдету әрі сол кездегі олардың бұзылған қызметтерін реттеу. Анестезияның, интенсивті емдеудің жаңа әдістерін қолдануын қадағау емдеудің тиімділігін арттыруға, отадан кейінгі асқынулар мен өлім жітім оқиғаларын азайтуға айтарлықтай ықпалын тигізді.
Нұр- Сұлтан қаласында анестезиология бөлімін қолға алу емханалардағы халыққа жасалған жағдайлардан бастау алды. Өңірдегі аурушаңдық пен өлім-жітімді маркетингтік зерттеу, халықтың демографиялық өсуі және әлеуметтік-экономикалық даму бойынша ресми болжамдық деректер, ағымдағы бәсекелестерді және болашақта күтілетін әлеуетті бәсекелестерді талдау, көрсетілетін медициналық қызметтер нарығы, халықтың төсек түрлері (бейіндері) бойынша төсек төсектермен қамтамасыз етілуі, емдеуге жатқызу бюросы порталы арқылы жоспарлы емдеуге жатқызуға кезек құрылымын талдау негізінде және пациенттің стационарға бар орташа ұзақтығы күтіліп отырған төмендеуін ескере отырып, 600 төсектік аурухана мен ауысымына 6 80 келушіге арналған емхана құрылысына сценарий ұсынылды. Мәтіндегі негіздеуден басқа, науқас төсегіне деген қажеттілігі, сондай-ақ мынадай факторлардың әсерін қамтиды:
• ҚР ДСМ тапсырысы бойынша Sanigest Internacional консалтингтік компаниясының ресми болжамдары бойынша 2025 жылға қарай халықтың 30% — ға өсуі;
• халықтың ресми саны мен Нұр-сұлтан қаласындағы нақты ресми емес халық саны арасындағы айырмашылық;
• ҚР ДСМ тапсырысы бойынша Sanigest Internacional консалтингтік компаниясының ресми болжамдары бойынша 2025 жылға қарай халық құрылымының өзгеруі
Анестезиология және реаниматология бөлімшесі хирургия аурулары кафедрасының құрамына кіретін Қазақстандық-Ресей медицина университетінің анестезиология және реаниматология курсының оқу- әдістемелік базасы болып табылады. Профессорлар-оқытушылар ұжымы үлкен курс студенттерін анестезиология, реаниматология және интенсивті терапия негіздеріне оқытып- үйрету жұмысын іске асырады. Сонымен бес жыл ішінде университеттен тәжірибелік денсаулық сақтау ісіне еңбек ету үшін біздің ұжым дайындаған жас маман анестезиолог-реаниматологтар бітіріп шығады. Бөлімшенің қызмет көрсетіп жүрген барлық мерзімінде бөлімше қызметкерлерімен 30 астам кандидаттық және екі докторлық диссертациялар қорғалды, 800 астам ғылыми мақалалар, екі монографиия жарық көрген, өнертабыс бойынша 30 астам куәлік алынған.
Анестезиология және реаниматология бөлімшесі бұл ірі ғылыми- әдістемелік бөлімше. Бөлімше қызметкерлерімен анестезиология және реаниматология саласында ең өзекті ғылыми зерттеулер жүргізілуде. Анестезиологтар мен реаниматологтардың құрылтайларын өткізудегі негізгі мақсат- осы саланың емдеу жолдарын айқындау. Емдік процесте ұтымды әдіс-тәсілдерді таңдау. Жалпыға ортақ даму стратегиясын бекіту. «Кадрлардың азаюына дәрігерлердің қатысуымен өтетін сот процестері де әсер етеді. Қазір дәрігерлік қателердің сипаттамалары қайта қарастырылып жатыр, мен ешбір дәрігер қандай да бір қатені әдейі жасамайды деп санаймын. Анестезиологтар жұмыстары шиеленіске толы болса да, өз мамандықтарына адал. Ауыр халдегі науқастар үздіксіз көңіл бөлуді, дәрігердің бақылауын талап етеді, бір ғана құрылғылардың болуы жеткіліксіз. Дәрігерлер өте сақ болулары тиіс. Кейбір тереңіне бойламайтын адамдардың пікіріне сүйенсек, біз тек қана анестезиямен айналысып және наркоз береді екенбіз. Біздің жұмысымыз – кең көлемді, ол белгілі бір шектермен шектелмеген. Біздің мамандығымыздың пациенттері қиын халде жатқан ең ауыр науқастар және пациенттердің тағдыры мен өмірі біздің жұмысымызға тәуелді болады. Әрқашан да объективті себептер бар, кей уақытта пациенттердің өздері сыни жағдайға жеткізеді. Денсаулық туралы кодекстің жаңа редакциясында пациент пен дәрігердің тең дәрежедегі жауапкершілігі көрсетіледі. Егер адамдар жауапкершілікті сезінетін болса, дәрігерге уақытылы келіп көрінетін болса, ауруды бастапқы кезеңінде анықтау мүмкіндігі артады», – деп түсінік берді профессор Ерғали Миербеков.
Жалпы емдеу ісінде анезтезиология мен реаниматология егіз ұғым саналады. Қазіргі таңда бөлімшеде клиникалық тәжірибеге және ғылыми зерттеулерге замануи компьютерлік технологияларды енгізу, орталық, өкпе, бауыр гемодинамикасының, газалмасуының, тыныс алу тетіктерінің, гемостазының бұзушылықтарын дәрілік түзету, полиорганды жетіспеушілігінің өзекті мәселелерін көтеру және іске қосу тұрғысынан ауқымды жұмыс атқарылуда. Жылдам шешуді талап ететін мәселелердің көптігіне қарамастан соңғы уақытта анестезиология және реаниматология саласында үлкен табыстарға қол жеткізілді. Соңғы уақытта енгізілген жаңа технологиялар – жүректі, бауырды, бүйректі ауыстырып салу –транспланттау саласындағы айтарлықтай табыстарға көбінесе анестезиологтар мен реаниматологтардың ерен еңбегінің арқасында қол жеткізілді.
Сайлаукенова Т.