Бюджет қаражатын жымқыру фактілері туралы

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің алаңындағы баспасөз-іс-шарада Агенттіктің аға тергеушісі Данияр Бигайдаров бюджет қаражатын жымқыру фактілері туралы айтып өтті.
«Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2019 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өндірісінде жемқорлық фактілері бойынша 455 сыбайлас жемқорлық қылмыстық іс болған, оның 399-ын сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі тіркеген, 235-і өндіріспен аяқталып, оның 192-і сотқа жолданды», — деп Д. Бигайдаров айтып өтті.
Осы қылмыстардан мемлекетке келтірілген залал шамамен 5 млрд теңгені (4 989 387 мың теңге) құрады, 4 млрд-қа жуығы (3 853 038 мың теңге) қазіргі уақытта мемлекетке қайтарылды. Іс жүргізуде жүздеген миллион бюджет қаражатын жымқыру фактілері бойынша бірқатар қылмыстық іс тергелуде.
Спикер атап өткендей, жымқыру фактілерінің көбісі тендерлерді бөлу, шарттарды заңсыз жасасу, жалған жұмыстарды орындау актілеріне қол қою, жалақы мен іссапар шығындарын заңсыз есептеумен байланысты. Бұл ретте жымқыру іс жүзінде барлық қызмет салаларын қамтиды.
Жалпы, статистикалық деректерге сәйкес 2017 жылдан бастап 2019 жылға дейінгі кезеңде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өндірісінде 1,5 мыңдай (2017 ж. – 574, 2018 ж. – 441, 2019 ж.–455=1470) сотқа дейінгі тергеп-тексеру болды.
Оның ішінде 1 мыңға жуық қылмыстық іс тергеумен аяқталды (2017 ж. – 391, 2018 ж. — 287, 2019 ж. – 235=913), оның 85%-ы (2017 ж. – 327, 2018 ж. — 243, 2019 ж. – 192=762) сотқы жолданды.
Осы санаттағы қылмыстардың залал сомасы үш жылда 15 млрд.-тан астам теңгені құраиды (15349796 теңге), оның 10 млрдт теңгеден астамы (10 485 189 теңге) қазіргі таңда өтелген.
Жымқыру фактілері көбінесе құрылыс саласында көбінен тараған. Жүргізілген талдау мемлекеттік органдардың (ЖАО) қызметіндегі қаржымен байланысты әрбір бағыты іс жүзіндегі жоғары сыбайлас жемқорлық тәуекелдерімен ұштасқанын куәландырады.
«Агенттік осы бағытта әрбір қылмыстық іс бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою мақсатында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту жөніндегі нақты ұсынымдарды әзірлей отырып және тиісті салада сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою мақсатында тиісті шаралар қабылдау қажеттігі туралы көрсете отырып, 200-бап тәртібінде ұсыныстар енгізуде», — деп Д. Бигайдаров өз сөзін қорытындылады..

Қазақстан Республикасы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл Агенттігі