Абайдың «Қарамола ережесі»

Осы уақытқа дейін Ұлы Абай тұлғасы жан-жақты зерттеліп жатыр. Абай Құанабайұлы біздің санамызда ақын, ағартушы, философ, композитор, жазба әдебиеті мен қазақ әдебиеті тілінің негізін қалаушы ретінде қалыптасса, өзінің замандастары үшін Абай сонымен қатар саяси қайраткер және әділ би болған. Абай Құнанбайұлының заңшығарушылық тәжіребиесі қазақ даласы үшін маңызы өте үлкен.
Абайдың бірнеше билер буыны болған отбасыда дүниеге келгенін ескерген жөн. Абайдың арғы атасы – Ырғызбай атақты би және батыр болған. Ырғызбайдың ұлы, Абайдың атасы – Өскенбай Солтүстік-Қазақстан өңірінде атақты би болған. Өскенбайдың әділ би ретінде атағы бүкіл қазақ даласына тараған. Өскенбайға, жолдың алыстығына қарамастан, қазақ даласының барлық түпкірінен көмекпен жүгінген. Абайдың отбасында бұл дәстүрді әкесі – Құнанбай да жалғастырған. Өз заманында Құнанбай ең қатал, бірақ әділ би атағына ие болған. Құнанбай Абайды жастайынан қасына ертіп жүріп, ел ішіндегі дау-дамайдың шешімін қалай табу керектігін үйреткен.
Абай Құнанбайұлының бойына заң шығару және құқық қолдану тәжіребиесі анасының сүтімен тараған десе де болады. Сондықтан Абайдың би болу кезегі келгенде, ол ешбір күмәнсіз өз ата-бабаларының ісін жалғастырған. Абайдың ақындықпен айналыспай, көп уақыт ақындығын жасырып, басқа адамдардың атынан өлең жазып келгені содан болуы мүмкін.
Абайдың жазған заңы қазақ топырағында сол кездегі Семей, Өскемен өңіріне, беріде Жетісуға дейін тараған. Бұл ережелер — Шар бойында жасалғандықтан «Шар ережесі» немесе «Қарамола ережесі» деп аталады. 1885 жылы Семейден шамамен 70 шақырым жерде, Шар өзенінің бойында өткен құрылтайға генерал-губернатор Цеклинский қатысқан. Цеклинский Абайға жолыққанда, Абай жалпы қазақ даласын орыс заңдарымен ғана басқаруға болмайтынын, бұл елдің өз ерекшеліктерінің бар екенін, атадан балаға ғасырлар бойы мирас болып келе жатқан әдет-ғұрып негізінде жасалған заңдар қажет екенін көрсеткен.
Абай үш күннің ішінде, жанына бірнеше адамды ғана алып, 74-ке жуық баптан тұратын заң күші бар ереже жасаған. Ол қазақтың бұрыңғы заңдарын, әдет-ғұрыпты, сонымен қоса орыс заңдарын үйлестіре отырып, сол кездегі қазақ қоғамына қажетті заңдар жинағын жазып шығарған. Осы қабылданған заңдар жинағы жарты ғасырға дейін қолданып келген.
Ереженің түпнұсқасы 1886 жылы Семей әскери губеранторының бұйрығы бойынша Императорлық Қазан универститетінің баспаханасында араб жазуымен басып шығарылған.
Қарамола ережесі әкімшілік, азаматтық және қылмыстық құқық қағидалары көрініс тапқан 74 баптан тұратын. Қарамола ережесі дала заңдары мен Рессей империясының заңдарын біріктіріп ортақ ережені құрды. Абай шығарған Қарамола ережесі, сөссіз, қазақ даласына тараған, қағаз бетіне басып шығарылған алғаш заңдардың бірі еді.
Абай Құнанбайұлы 1885 жылы ұсынған кейбір жаңалықтар, қазіргі заманға да сай келеді. Мысалы, Абай барымташыларға ірі қара малмен айыппұл салуды ұсынған. Егер барымташы біреудің малын ұрлап кетсе, ол жәбірленушіге ұрланған малдың үстінен, айыппұл ретінде ірі қара мал қосып беру міндеттелген.
Абай бірінші болып, сот өндірісінде тараптардың сотқа құрмет көрсетпегені үшін жаза қолдануды ұсынды. Сот тәртібін бұзған адамға айыппұл қарастырылған. Сонымен қатар, 1885 жылы алғаш рет сотта жалған жауап бергені үшін жауаптылығы ескертілген сотқа ант беру қолданылған. Антты, жауап беретін тұлға, күндіз имамның қатысуымен, Құранды ұстап беретін.
Ережеде, дауды қарайтын немесе үкім шығаратын биді таңдау тәртібі нақты көрсетілген. 1885 жылғы ережеде, егер туыстық немесе басқа да іс бойынша тікелей немесе жанама түрде мүдделі деп санауға негіз болатын басқа да мән-жайлар болса, сотқа қарсылық білдіру ұғымы алғаш рет пайда болды.
Бидің барлық шешімдері қағаз бетіне түсіріліп, шешімге қарсылық білдіруге екі апта уақыт берілетін. Бұл ережелер осы күнге дейін қолданылып келеді.
Абай Құнанбайұлы Қазақ даласында алғашқы болып азаматтардың әлеуметтік жауапкершілігі ұғымын енгізді. «Қарамола ережесіне» сәйкес ортақ мүлік болып табылатын, мысалы арықтарды, көпірлерді т.б. ортақ пайдалануға салынған ғимараттарды бұзғаны үшін үлкен айыппұлдар қарастырылған. Табиғи аппатардың салдарынан, жұттан зардап шеккен адамдарға көмек бермегні үшін де жауаптылық қарастырылған. Қазақ шенеуліктерінің арасында орын алған сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтары үшін жауаптылық көзделген.
Осындай еңбегінің арқасында, қазақ даласына Абай Құнанбайұлы тек ақын және ағартушы ғана емес, қазақ әдет-ғұрыптарын және Рессей заңдарын жақсы меңгерген әділ би ретінде танымал болған.

Алькенов Ибрагим,
Нұр-Сұлтан қаласы
Сарыарқа ауданының
№2 аудандық сотының судьясы