Құқықтық мемлекеттің тірегі — Конституция

Конституция мемлекеттік құрылыстың құқықтық негізін қалыптастырушы құжат болып табылады. Ол мемлекттік тетік, қоғамдық, саяси институттар ретінде қызметтің негізгі боларлық принциптерін орнықтырды, адам мен азаматтың конституциялық мәртебесін белгіледі, экономикалық құрылыстың негіздерін айқындады. Конституция азаматтың құқығына қатысты ғана емес, адам дүниеге келген сәттен одан ажырамас құқықтарына да қатысты болып табылады.
Айбыны асқақ, атағы әлемге әйгілі, күн санап өсіп — өркендеп келе жатқан жас мемлекетіміз Қазақстанның Тәуелсіздігіне 25 жыл толып отыр.
Қаншама қиындық көрсе де, Қазақ елінің аумағында ғасырлар бойы шапқыншылық болып, астан — кестең оқиғалар мен өзгерістер орын алса да қазақтар, яғни, көне дәуірден бастау алған ата — бабамыз екі құндылықты мәңгілік сақтап қалды, ол Сөз құдіреті мен Заң құдіреті.
Ел басқарудың тамаша үлгілері біздің ата — бабаларымызда да болған. Қазақ тарихында «Қасқа жол», «Ескі жол», «Жеті жарғы» делінген заң үлгілері болған.
Конституция салалық жағынан жаңа кеңістік құрды және елді орнықты саяси-құқықтық және әлеуметтік-эканомикалық дамыту базасына айналды. Еліміз әлемнің алдыңғы қатарлы Конституциясына адам мен азаматтың кең құқықтары мен бостандықтарының, дамушы азаматтық қоғамның, демократиялық, егемен мемлекеттің Конституциясына ие болып отыр. Қазір республикамыздың қол жеткен табыстарына бүкіл Орта Азия мемлекеттері қызыға қарауда. Өркениетті елдердің барлығы да Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінен басқалардан көш ілгері кеткенін ашық мойындап отыр. Бүгінге дейінгі табыстарымыздың барлығы осы Конституцияның арқасы. Өйткені, Конституцияны басқа барлық заңдардың атасы деуге болады. Өмір бір орында тұрмайды. Бәріне уақыт төреші. Қазақстан халқының жақсы өмір сүруі үшін жасалған және алда да жалғасын табатын игілікті қадамдар.
Бүгінгі Конституциямыздың басқа Конституциялардан артықшылығы ең бірінші, мемлекет ретінде жеке адамға аса құрметпен қарайтындығында. «Оның ең қымбат қазынасы адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деп бірінші бапта жазылған. Үшінші бапта «Мемлекеттік биліктің бірден бір бастауы халық» дейді. Өткенге көз жіберсек, бұрындары халық ешқашан дәл қазіргідей еркін өмір сүрмеген. Конституция адамдардың бір-біріне деген сыйластығының және төзімділігінің негізін қалап, ұлтаралық және конфессия аралық келісімді нығайтады.
Бүгінде ғаламтор арқылы дүние жүзінде қандай жаңалықтар болып жатқанын оп-оңай бақылап отырасың. Соның ішінде кейбір елдердегі жағаңды ұстап, жаныңды ауыртатын жайларғада жолығасың. Тіпті, ондай көріністер көптеген елдерде орын алып жатқанын байқағанда өз еліміздің бейбіт өміріне шүкірлік етесің. Ал, сол еліміздегі бейбітшілік пен татулықтың негізгі тетігін ұстап тұрған біздің тұғыры биік Конституция десекте болады.
Қазіргі Конституцияны жасамас бұрын Қазақстан Президенті әлемнің әртүрлі елдерінің жиырмаға жуық басты заңдарын зерттеді. Қазақстан Конституциясы көбінесе Америка Құрама Штаттарының мемлекеттік билікті құру саласындағы тәжірибесін қабылдады, ал кейбір тармақтар француз заңының ережелеріне ұқсас. Мысалы, заңды бақылауды жүзеге асыратын Конституциялық Кеңес тек Қазақстанда және Францияда ғана бар.
Заңға бағыну тәртіп, ал тәртіп бар жерде тәрбие, тиянақтылық сияқты адамға тән қасиеттер бар. Сол қасиеттер қоғам дамуына негіз болады. Өз Отанын танып, сүюі, оның заңдарына бағынуы бұл әр адамның азаматтық жауапкершілігін сезінуі, өз елінің алдындағы азаматтық борышын орындауы. Конститутция біздің асқақ абыройымыз.

Д.Шаукет
Ақмола гарнизоны әскери сотының
аға сот приставы