Арыз берушінің шағымы бойынша соттың оң шешімі шықса да, кей кезде аталған үкім дер кезінде орындалмай жатады. Соның салдарынан xалықтың сот жүйесіне, жалпы мемлекетке деген сенімі төмендейді. Өйткені адамның сотқа жазған барлық мәселелері қағаз жүзінде ғана қалады. Сот шешімдерінің мүлтіксіз орындалуы елімізде заңдылықтың қатаң сақталатындығын көрсетеді. Мемлекетіміз жеке отау тігіп, тәуелсіздік алған кезден бері атқарушылық іс жүргізу саласы қоғам дамуының бағытына ыңғайластырыла бірнеше рет реформаланды. Сот шешімдерін орындау көп уақытты және тер төгуді қажет ететін жұмыс екендігі белгілі. Бүгінде сот орындаушының әрекетіне шағым түсіру тетігі бар. Аталған шаралар сот арқылы жүргізіледі. Сот шешім¬дерінің орындалмауы – атқарушы¬лық іс жүргізу органдары¬ның ғана емес, жалпы мем¬лекеттің өзекті пробле¬маларының бірі. Сот шешімі шық¬қанмен, ол орын-далмайынша азамат¬тың не¬месе заңды тұл¬ғаның құ¬қықтары қал¬пына келтірілді, әділ¬дік орнатылды деп айта алмаймыз. Сот актілерінің уақ¬тылы әрі сапалы орын¬далуына борышкер¬лер¬дің төлеу мүмкін¬дік¬терінің төмендігі мен мүлік¬терінің, тұрақты жұ¬мыс орындарының бол¬мауы кедергі келтіреді. Сонымен қатар, сот¬талған борышкерлерден өндіру де қиын¬дық ту¬ғызып жатады. Себебі, соттал¬ғандар көп жағдайда жазасын өтеу орын¬да¬рында жұмысқа орналас¬паған¬дықтан, тиісінше төлеу мүмкін-діктері бол¬майды. Тіпті, бостандыққа шық¬қанның өзінде оларға қатысты қоғамдық пікірдің қандай екендігі бесенеден белгілі. Өзіңіз білетіндей, алимент өндіру де күрмеуі қиын мәселелердің бірі. Көп¬теген борышкерлер алимент төлеуден жалтарып, қитұрқы әрекеттерге бара¬ды. Мәселен, алименттік төлемдер¬дің көле¬мін азайту мақсатында, жалақысы тура¬лы жалған анықтама көрсетіп жатады немесе атындағы бар дүние-мүлкін өзге-лердің аттарына жаздырып алады. Сон¬дай-ақ, борышкерлердің маусымдық жұ¬мыс істеуі, ауылдық елді мекендерде ең¬бек шартын рәсім-деместен жұмыс жа¬сауы немесе жұ¬мысты жиі ауыстыруы да алимент өндіру туралы сот шешімінің уақтылы орындалуына кедергі келтіреді. Бұл өз кезегінде тірі жетім балалардың тиісті деңгейде жетіліп, дамуына кері әсерін тигізеді. Тағы бір мәселе, сот орындаушыла¬рының көп уақыты жауапкершіліктен қашып жүргендерді іздеумен өтеді. Мұндай жағдай¬лар-да сот орындау¬шылары атқару құжа¬тын өндірушіге орындаусыз қайтаруға мәж¬бүр. Борыш¬кердің мүліктері, мекен-жайы немесе қайда жұмыс істейтіндігі анық¬талған жағдайда өндіріп алушы атқару құжа¬тын орындауға қайта тапсыруға құқылы. Сонымен қатар, қасақана жалтару-шы борышкерлерге шынайы ықпал ететін шаралардың бірі − оларды әкімшілік жә¬не қылмыстық жауапкершілікке тарту. Жеке сот орындау¬шы-сының мемлекеттік сот орын¬даушысы¬нан артықшылы¬ғы − өн¬дірілген соманың белгілі бір бөлігі өзіне тиесілі болатын¬дықтан, атқару құжатын сапалы әрі жылдам орын¬дауға мүдделі. Әрі жаңа инсти¬туттың енгізілуімен әр сот орын¬дау¬¬шысына келер жүктеме азая түспек, сондықтан бұл өз кезегінде жұмыстың сапасы мен жеделдеуіне оң ықпал етпек. Жеке сот орындаушысы бірнеше көмек¬ші алуға құқылы. Қай мекеменің болмасын мамандары білікті әрі білімді болса, тиісінше әлгі мекеменің жұмы¬сы да оңға баспақ. Сот актілерін орындау бойынша түбегейлі жақсы нәтижеге соттармен, құқық қорғау органдарымен, мемлекеттік және тіркеу органдарымен тығыз, қоян-қолтық жұмыс жасау арқылы ғана қол жеткізеді. Сон¬дықтан да жұмысты өзге мемлекеттік және өзге де мекемелермен тығыз ынтымақ¬тастықта жасауға күш салу керек. Басты міндет – сот шешімдерінің сапалы әрі уақтылы орындалуын қамтамасыз ету.
Н. Қайратқызы
Ақмола гарнизоны әскери
сотының кеңсе меңгерушісі