Сот актілерінің орындалуы

Сот актілерінің орындалуын Семей гарнизонының әскери соты қатаң бақылайды. Атап айтқанда қылмыстық істер бойынша процессуалдық шағындар, жәбірленушілерге өтемақы қорына қаржы өндіру, заттай дәлелдемелердің жойылуы, іске қатысты дәлелдемелердің қолхат арқылы иелеріне қайтарылу жұмысы сонына дейін жеткізіліп, істің мұрағатқа өткізілуі үнемі бақылануда.
Азаматтық істер бойынша процессуалдық шығындар мен мемлекет пайдасына өндіру, әкімшілік істер бойынша, көбінесе, айыппұлдарды өндіру істері назарда. Бірақ Семей гарнизонының әскери сотында, көбінесе азаматтық істер бойынша мемлекет кірісіне өндіру бойынша қарыздар назарда. Әріне, сотталушылардың, құқықбұзұшылардың процессуалдық шығындар, жәбірленушілерге өтемақыны өндіру, айыппұлдарды уақытылы төлеу кешіктіріледі, алайда сот актісін орындау қажеттілігінен істерді аяғына дейін жеткізіп мұрағатқа өткізу өндірістік жұмыстардың бірі.
Сот шығарған актіні заңды тұлғалардың орындау міндеттілігі Қазақстан Республикасы Қонституциясының 76-бабында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу көдексінің, ҚР Қылмыстық – процестік кодексінің, ҚР Әкімшілік құқық бұзұшылық туралы кодексінің нормаларында көрсетілген.
Сот актілерінің орындалуы құқықтық тәжірибенің ең маңызды бөлігі болып табылады, мұның өзі мемлекеттегі сот төрелігінің тиімділігін көрсетеді, сот шешімдерінің толық әрі уақытылы орындалуы сот билігінің беделін ғана емес, сонымен бірге мемлекеттің мәртебесін де айқындайды.
Семей гарнизонының әскери соты жеке сот орындаушыларға, мемлекеттік сот орындаушыларға, әскери полиция бөліміне ай сайын сот актісі орындалуын қажеттілігі туралы еске салу хаттарды жіберіп, мәлімет ретінде жоғары басшылылыққа жолдайды. Осындай тәртіппен сот актілерін орындалуын тездету жұмыстары жүргізілуде. Бұл- өндірістік жұмыстың негізі тәсілдерінің бірі.
Сот актілерін орындаулуы бойынша жұмыс атқаратын жеке сот орындаушылармен, әскери бөлімдерінің заңгерлерімен, үнемі онлайн- семинарлар, жиналыстар өткізіліп, осы мәселеге қатысты пікір алмасулар болып, ұсыныстар жасалады. Осы бағытта жұмыстар одан әрі де өз жалғасын таба береді.

Г.К.Бегимова
Семей гарнизоны әскери сотының
Жетекші маманы