Мемлекеттік қызметші күніне арналған салтанатты іс-шара Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақовтың қатысуымен өтті.
Өз әріптестерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, өңір басшысы мемлекеттік қызметкерлер – табысты мемлекеттің, яғни қоғамның кепілі екенін атап өтті. «Халық игілігі үшін жұмыс істеу – бұл біздің қағидатымыз», — деп атап өтті ол.
Облыста түрлі салаларда 4,5 мыңнан астам мемлекеттік қызметші жұмыс істейді. Бүгін олардың 100-ден астамы облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов пен Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жаилғанованың атынан грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталды.
«Мемлекеттік қызметшілердің әрқайсысы мемлекеттік бағдарламалар мен елді дамытуға бағытталған ауқымды реформаларды іске асыруға елеулі үлес қосады. Осы күрделі кезеңде, пандемия кезеңінде сіздің күнделікті және үйлесімді жұмысыңыздың арқасында мемлекеттік аппараттың толыққанды жұмыс істеуі қамтамасыз етіледі», — деп атап өтті Мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшысы Ержан Қарымсақов.
Айта кету керек, мемлекеттік қызметші күніне орай Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің бастамасымен өңірде бірқатар мәдени және спорттық іс-шаралар санитариялық режимді сақтаумен өткізілді.
Мысалы, мемлекеттік қызметшілер арасында спорттың үш түрі бойынша турнир, «Мемлекеттік қызметшінің Тәуелсіздік тарихына көзқарасы» атты шығармашылық онлайн-конкурс және мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған тұлғалардың салтанатты ант қабылдауы өткізілді.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері
Агенттігінің Павлодар облысы
бойынша департаментінің
баспасөз қызметі