Онлайн сот отырыстары цифрлы жүйе арқасында дамуда

Еліміздің сот саласында заманауи ақпараттық технологиялар мүмкіндігі кеңінен пайдаланылуда. Соттар өндірісіне заманауи цифрлық озық технологиялар, дыбыс-бейне жазбалар, іс қағаздары мен хат-хабарларды жүргізудің электрондық қызметтері енгізілді. Бүгінде республикадағы барлық сот толықтай ғаламторға қосылған. Сот төрелігі сақтық шаралары ұйымдастырыла отырып жүзеге асуда.
Жаңа технологиялардың артықшылығын Судьялар қауымының VIII съезінде Мемлекет басшысы айрықша атап, ел соттарының қиын жағдайға қарамастан азаматтар құқықтары мен бостандықтарын қорғағанына тоқталды. Бұған қоса президент: “Ақпараттық технологияның арқасында сот процесін қашықтықтан жүргізу форматына жедел көшірілді.
Сот процесстерін онлайн режимде өткізуге дайындау кезінде «Zoom», «TrueConf”, «WhatsApp» желілерін пайдаланамыз. Тараптарды бейнеконференциялық байланыстқа қоспас бұрын, сот хабарламалары жолданады. Хабарламада сот отырысының онлайн форматта өткізілетіндігі көрсетіледі. Сонымен қатар, хатшылар тараптарға сот отырысы басталмай тұрып онлайн түрде «Zoom» мен «WhatsApp» желісіне қосылу тәртібін түсіндіреді. «Zoom» бағдарламасы арқылы қосылу үшін тараптарға арнайы сот отырысына қосатын идентификатор мен құпия сан жіберіледі.
«Сот кабинетінің» пайдаланушылары кез келген гаджеттен үйден шықпай-ақ, сотқа кез келген электрондық өтініштер жібере алады.Тегін мобильді қосымша, өтініштің тіркелуін, оның соттағы қозғалысын көруге, сот актісін және отырыстың аудио- бейне жазбасын алуға мүмкіндік береді.
Бұдан басқа, тараптарға өзінің орналасқан жеріне қарамастан, сотқа бармай отырысқа қатысуға мүмкіндік береді. Ол үшін өтінішпен жүгіну жеткілікті және оған сотпен бейне конференция байланысқа шығу уақыты туралы хабарланады.
Қашықтықтан өтетін сот процессі дәстүрлі процестен тек өткізу тәсілімен ғана ерекшеленеді. Онлайн-процестер сот отырысының электрондық хаттамасында — аудио, бейнетіркеуде тіркеледі.
Оның үстіне қазіргі уақыттағы жағдайға байланысты онлайн сот процестері адам денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Әрине, кез-келген жаңашылдық болған соң, өз қиындықтары да кездеседі. Сондықтан, бізде сот қызметін қамтамасыз ету үшін байланыс жүйесін дамытуға барынша жағдай жасауда. Осы ретте сот қатысушыларына процеске алдын-ала дайындалып, интернеті жақсы орындарды анықтап алу мәселелері туралы айтылады.
Қазіргі таңда жүйедегі жеті басым бағыттың бірі – “Е-Сот” аясында іске қосылған “Виртуалды сот” жобасы сот төрелігіне қолжетімділікті одан әрі арттырды. Дыбыс-бейне құрылғылар арқылы басқа өңірлерде, тіпті, шетелдерде жүрген азаматтардан да жауап алынады. Олардың сот залдарына арнайы келуі шарт емес. Нақты айтқанда, жұртшылық сот отырыстарына уақыттары мен қаражаттарын үнемдей отырып, түрлі мобильді бағдарламалар көмегімен қатысуда.
Заманауи форматтар жұмыс процесін барынша жеделдетті. Электронды сот төрелігінің нәтижесінде істерді тиімді шешудің жаңа тетіктері қалыптасты.
Бұл үшін тараптарға сот отырысының болатын уақыты SMS-хабарлама арқылы жіберіледі. Хабарлама алғандар мобильді бейнебайланысқа қосылады. Ескерерлігі, онлайн процеске қатысушыларға да соттар секілді үлкен дайындық керек. Себебі, оның сапалы өтуі үшін мүмкіндігінше тыныш жер таңдалыну қажет. Сонда ғана қатысушылардың сөздері анық естіліп, мұқият тыңдалады.
Онлайн режимінде өтетін процестерде де сот отырысының электронды хаттамасы толтырылып, дыбыс-бейне жазбасы жүргізіледі.
Заман талабына сай ұйымдастырылған онлайн процесстер тараптарға да, сот мамандарына да қиындықтар тудырмай, істер жан-жақты және объективті қаралуда.

Ж.Г.Есенов
БҚО МАЭС-ның
кеңсе меңгерушісі