Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті, елімізді жоғары халықаралық деңгейге шығарған тұлға. Мемлекет басшысының көрегенділігінің арқасында Қазақстан әлем таныған ел болды, мемлекетіміздің дамытудың даңғыл жолын салды. «Қазақстан — 2030» стратегиясы әлем саясаткерлерінің назарын аударды. Аяқталу мерзімінен бұрын өзінің межелеген уақытында мақсатында жеткен Қазақстан дамыған 30 елдің қатарына қосылды. Бұл бірден — бір тұңғыш Елбасының ерен еңбегі десек қателеспейміз.
Елімізге келіп жеткен елдің дара жолын салған тұңғыш елбасы күні! Сан жылдардың сарқылмасы еңбегі, саналы ұрпақты қалыптастыруда аянбай тердің төгілген күні.
Қазақ елінің тәуелсіздік алғаннан бергі бағындырған шыңдары жетерлік. Тарих үшін қас-қағым сәт болғанымен еліміз үшін үлкен белес, буыны енді беки бастаған ел әлемдік деңгейдегі алпауыттармен иық тірестіріп, тың бастамаларға ұйытқы бола алатындығын да тағыда паш етіп отыр. Оның жарқын дәлелі 11 жылдық тоқырауда болған ЕҚЫҰ саммитін ең жоғары деңгейде ұйымдастырып, Азиада ойындарын өткізуі, сонымен қатар көптеген халықаралық шараларға ұйытқы болуы және әлемдік деңгейдегі ЕХРО-2017 көрмесін өткізетіндігі. Міне осындай ауқымды шаралардың басы-қасында жүрген тұңғыш Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі ерен екендігі сөзсіз. Тағы бері айта кететін жері, таңдау бұл күнге тегіннен-тегін түсіп отырған жоқ. Есте болса, 1991 жылдың 1 желтоқсан күні тәуелсіз Қазақ елінде алғашқы президенттік сайлау өтіп, онда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев халықтың зор сенімімен, сайлаушылардың басым көпшілік дауысымен жеңіске жеткен еді.
Мемлекет билігін қолға алғаннан бастап ҚР Президенті атқарған игі істер жетерлік. Әрине, мұндай қадамға бару жолында қаншама кедергілердің көп болғандығы да сөзсіз. Әрине бұл тек жалғыз адамның еңбегі емес, бүкіл қоғамның жұмыла көтерген елдің арқасында деп білемін.
Өз еліңде бақытты, тыныш өмір сүргенге не жетсін! Айналаңдағы алыс-жақын елдерде соғыс болып жатқанда, ең алдымен, аспанымыз ашық, бейбіт ғұмыр кешудеміз. Мен болашаққа нық сеніммен, үлкен үмітпен қараймын. Осындай бақыттың, игілікті істердің басында көрегендік пен басшылық беріп жүрген еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ағамызға барлық алаш жұртының атынан кішкентай жүрегімнен алғыс айтамын.
Уюмдасова Альмира Асқарқызы
Орал қаласының
мамандандырылған тергеу
сотының жетекші маманы