Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 72-бабының 1-бөлігінің талабына сай, егер сот адамның түзелуі үшін тағайындалған жазаны толық өтеуі қажет етілмейді деп танитын болса, сот бас бостандығын шектеуді немесе бас бостандығынан айыруды өтеп жатқан адамды тиісті көрсетілген мерзімдерді іс жүзінде өтегеннен кейін шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатуы мүмкiн.
Кодекстің талабымен, сот сотталған адамдардың жаза өтеу кезінде құқық бұзушылық жасамай, түзеліп, жаза өтеу тәртібін бұзбаған жағдайда сотталған адамның өтініші бойынша оны өтелмеген қалған мерзімінен шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға құқылы.
2022 жылдың өткен мерзіміне Сырым аудандық сотында аудандық пробация қызметімен жолданған сот үкімімен бас бостандығынан айырудан басқа баламалы түрдегі қылмыстық жазаларға сотталғандарға тағайындалған жазаларды пробация қызметімен орындау бойынша 18 материалдар қаралды.
Жаза өтеу кезінде құқық бұзушылық жасамай, түзеліп, жаза өтеу тәртібін бұзбаған 13 сотталған адамды сот қаулысымен шартты түрде мерзімінен бұрын босатты.
Сот сотталған адамға жүктеген міндеттерден қаскөйлікпен жалтару деп сотталған адамның тәртібін бақылайтын орган жазбаша ескерту шығарғаннан кейін міндеттердің қайталап орындалмауы болып табылады.
Қазақстан Республикасының қылмыстық атқару Кодексінің талабына сай, жеке басы құқығына, кәмелетке толмағандардың құқығына, отбасылық-тұрмыстық қатынастарға, қоғамдық тәртіп пен имандылыққа қолсұғатын, сотталған адамға соларды жасағаны үшін әкімшілік жаза қолданылған әкімшілік құқық бұзушылықтар жасау бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеу тәртібі мен шарттарын бұзу болып табылады.
Көрсетілген құқық бұзушылықтарды бір жыл ішінде қайталап жасауы, сотталған адамның қылмыстық теріс қылық жасауы, дәлелді себептерсіз мәжбүрлі еңбекті орындаудан жалтару бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеуді қаскөйлікпен бұзушылық болып табылатындығы көрсетілген.
Бас бостандығын шектеуге сотталған адам жазаны өтеуден қаскөйлікпен жалтарған жағдайда, бас бостандығын шектеудiң өтелмеген мерзiмi дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаға ауыстырылады.
Бұл ретте бас бостандығын шектеудi өтеу уақыты бас бостандығын шектеудiң бiр күнi үшiн бас бостандығынан айырудың бiр күнi есебiмен бас бостандығынан айыру мерзiмiне есептеледi.
Бұндай жағдайда аудандық пробация қызметімен сотталған адамға қатысты бас бостандығын шектеу жазасының өтелмеген бөлігін бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы сотқа ұсыныс жолдайды.
Сотта осындай 3 ұсыныс қаралды. Ұсыныс бойынша сотталған адам аудандық пробация қызметіне ескертпей аудан аумағынан кетіп қалған, барған жерінде қоғамдық орында алкогольдік масаю күйінде қоғамдық имандылыққа нұсқан келтіретін күйде жүргені үшін Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 440-бабының 1-бөлігімен әкімшілік жауаптылыққа тартылған. Белгіленген кестеге сәйкес пробация қызметіне өз мінез құлқы туралы есеп беруге келмеген. Оған қоса тұрғылықты жерінен нашар мінезделіп және оның үнемі құқық бұзушылық пен ауыр қылмыстар жасауға бейім тұратындығы көрсетілген.
Алдын ала сотталған адам сот үкімі талаптарын орындауға пробация қызметіне тіркелгенде, оған жаза өтеу тәртібі шарттары және жазаны өтеу талаптары қаскөйлікпен бұзылғанда жазаның өтелмеген мерзімі бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылатындығы туралы ескерту беріледі.
Сондықтан, сот сотталған адамды жаза өтеуден қасақана жалтарды деп тауып, пробация қызметінің ұсынысын қанағаттандырып, бас бостандығынан шектеу жазасының өтелмеген бөлігі бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылып, жазаны өтеу үшін қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесі белгіленді.
Сот үкімі бойынша қоғамнан оқшаулатпай тағайындалған жазаны және оны орындайтын мемлекеттік органның заңмен көрсетілген қағидаларын бұлжытпай орындағанда, сотталған адамның түзелу жолына түскенін, яғни жаза қолданудың негізгі мақсатының орындалғанын анықтайды.
Жанна-Мари Вебер
Сырым аудандық сотының
Кеңсе меңгерушісі
Батыс Қазақстан облысы