«Сот кабинеті» электрондық ақпараттық сервисі

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты «Сот кабинеті» электрондық ақпараттық сервисін және нұсқаулығын әзірледі. «Сот кабинеті» сот құрылымындағы заманауи технологиялардың бірі. Электронды формат халыққа сот жүйесінің қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жасалған.
«Сот кабинеті» электрондық ақпараттық сервисі арқылы электрондық құжаттарды сотқа беру тәртібі туралы нұсқаулығы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету Департаменті басшысының 2014 жылы 11 тамызда №380 өкімімен бекітілген.
Сот кабинеті арқылы сотқа құжаттарды, арыздарды тапсыру үшін алдымен сот кабинетіне жеке тұлғалар ЖСН-нің, ал заңды тұлғалар БСН-нің және парольдің көмегімен тіркелу арқылы жүзеге асырады.
Аталған нұсқаулықта «Сот кабинеті» арқылы берілетін арыздарға, құжаттарға қойылатын өзіндік талаптары көзделген. Яғни, олар:

  • арыз немесе өтініш мәтіндік форматта (қарпі 14 Times New Roman) беріледі.
  • әрбір жеке құжат жеке файл ретінде ұсынылуы тиіс. Элекрондық құжаттардың файлдар саны сотқа берілген құжаттың санымен сәйкес келуі керек. Электрондық құжаттардың әрбір файлының өлшемі 10 мегабайттан аспауы керек.
    Талап арыз беруші «талап арыз беру» сервисін таңдап, сот кабинетіндегі электронды деректерді толтырады.
    Алдымен облысын таңдап, арыз бергелі тұрған соттың атауын, одан әрі мемлекеттік баж сомасын, арыздың сипатын, істің санатын, даудың жалпы сомасын, іске қатысты тараптар бөлігін толтыруы қажет.
    Мемлекеттік бажды онлайн төлеген болса, «онлайн-төлем» бөлігін таңдап, ал егер мемлекеттік баждан босатылған болса, «төлемеу» деген бөлігіне белгі соғуы тиіс.
    Егер талап қоюшы немесе жауапкер бірнешеу болса, олардың әр қайсысы жеке –жеке енгізіледі.
    Талап арыз беру кезінде пайдаланушы енгізілген мәліметтердің дұрыстығын тексеріп, оған түзету енгізе алады.
    Берілген арыздар сот органдарының ақпараттық сервисіне келіп түскен кезде автоматты түрде кіріс құжаттың карточкасына көшіріледі.
    Берілген электрондық арыздар, құжаттар сот органдарының ақпараттық жүйесінде «кіріс хат-хабарлар» папкасына келіп түседі.
    Сот кабинеті сотқа электронды түрде талап-арыз, қарсы талап-арыз, сот процесінің хаттамаларына ескертулер, атқару парағынның төлнұсқасын беру және оны жолдау туралы өтініш, сот актілерінің көшірмелерін және басқа да өтініштерді, шағымдарды беруге және мемлекеттік баж салығын онлайн төлеуге, сот құжаттары мен сотқа қатысты барлық құжаттарды қадағалап отыруға мүмкіндік береді.
    Бұл заманауи технологияларды ендіру мен пайдалану сот жүйесінде сот ісін жүргізуді жеңілдетеді, бюрократиялық кедергілерді алып тастайды, сот жүйесі қызметкерлерінің азаматтармен байланысын барынша азайтып, сыбайлас жемқорлықты төмендетуге ықпал етеді.
    Бүгінгі таңда азаматтардың басым бөлігі Сот кабинетінің қызметіне жүгінеді. Себебі аталған сервис тұрғындар үшін ыңғайлы етіп жасалған, олар үйлерінен шықпай-ақ ғаламтор арқылы сот құжаттарымен таныса алады, сондай-ақ, бұл қызметтерді енгізу азаматтардың уақыты мен қаржысын, бюджет қаражатын үнемдейді. Бұл сервис сот өндірісін жеңілдетуге, сондай-ақ, сот жүйесін жеделдігін, қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған, онлайн түрде тараптар өздеріне ыңғайлы кез келген уақытта сот құжатын қарап, істің тарихымен танысып, сот актісін басып шығара алады.
    «Сот кабинеті» электрондық сервисін ілгері дамыту және жаңарту мақсатында, мобильді құрылғы арқылы сот органдарымен берілетін, сервиске кіруге қамтамасыз етілетін «Сот кабинетінің мобильдік нұсқасы» қосымшасы әзірленді. Қосымша жеке және заңды тұлғаларға қол жетімді.
    Сонымен қатар, Республика соттарында ақпараттық технологияларды белсенді түрде қолданудың нәтижесінде бұқараның басым бөлігінің қағазбастылық пен соттардағы кезектен арылып, үйлерінен шықпай-ақ сот төрелігіне қол жеткізуге мүмкіндік беретін заманауи жобалардың игілігі. Нәтижесінде еліміздің барлық соттарында арызды беру және тіркеу сатысынан бастап, заңды күшіне енген сот актісін орындауға жібергенге дейін сот ісін жүргізу процесі түгелдей электронды форматқа көшірілді.
    Сонымен қатар, сотқа арыз (талап арыз), шағым беруші тұлға, құжаттың жолданғандығы, уақыты мен күні көрсетілген хабарламаны шығарып алуға, сонымен қатар сот процесіне қатысушылардың өздері істердің қарау мерізімдері мен танысуға мүмкіндігі де қарастырылған.
    Сервистердің тағы бір түрі сот отырыстарын бейнеконференцбайланыс арқылы қашықтықтан өткізу. Бұл сервис халықтың шығынын азайтып, сот отырыстарын кейінге қалдырмай, шұғыл түрде қарауға мүмкіндік туғызады.
    Ақпараттық сервистерді қолдану сот кеңсесі қызметкерлерінің ғана емес, сотқа жүгінетін адамдардың да уақытын үнемдемек. Бұл заманауи электрондық қызмет сот төрелігінің ашықтығы мен қолжетімділігіне бағытталған, сондай-ақ қағазбастылықтан арылып, құқықтық қоғамның барлық мүшелеріне және бұқаралық ақпарат құралдарына соттардың қызметі туралы жедел ақпарат алуға мүмкіндік беретіні сөзсіз.
    Сот кабинеті — Қазақстан Республикасы сот органдарының электрондық сервистеріне қол жеткізуге арналған бірыңғай терезе болып табылады.

А.К.Асайнов
Қазақстан Республикасы
Сот әкімшілігі Әскери соты
департаментінің құжат
айналымы бөлімінің
бас маманы