Жоғарғы Соттың Азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Н.Шәріпов Қазақстан Республикасының банк омбудсмені Д.Нұрпейісовпен кездесті.
Жоғарғы Сот дауларды шешу үдерісін жеделдететін, тараптарға ұзақ сот талқылауынсыз өзара тиімді шешімдерге қол жеткізу мүмкіндігін беретін дауларды шешудің соттан тыс әдістерін кеңейтуге мүдделі екенін атап өтті.
Кездесу барысында биылғы 19 маусымда Заңға енгізілген кейбір заңнамалық актілерде несие берудегі тәуекелдерді азайту, қарыз алушылардың құқықтарын қорғау, қаржы нарығын реттеуді және атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер талқыланды.
Заң азаматтардың мүдделерін қорғау тетіктерін нығайтады және тұрғындардың қарыз алу қаупінің алдын алуға бағытталған.
Азаматтарға берілген барлық несиелер бойынша дауларды сотқа дейін қарау бойынша банк омбудсменінің өкілеттігі кеңейтілуде, микроқаржы омбудсмені лауазымы енгізілуде.
Кездесу барысында қатысушылар 2024 жылғы 21 желтоқсанда күшіне енетін заңнамалық өзгерістерді іс жүзінде жүзеге асыру мәселелері бойынша пікір алмасты. Қорытындылай келе, Нұрсерік Шәріпов одан әрі ынтымақтастыққа негіз болатын сындарлы пікірталас үшін алғысын білдірді.