Елордамыздағы денсаулық сақтау жүйесінің көрсеткіштері

Бүгінгі күні бүкіл әлемдегідей Қазақстанда белсенді түрде цифрлық өзгерістер жүргізіліп жатыр. Одан денсаулық сақтау саласы да қалыс қалмайды. Халықтың денсаулығын қамтамасыз ету — ұлттың әл-ауқатының өсімінің негізі болып табылады.
Республикадағы барлық мамандық бойынша дәрігер саны 50,6 мың немесе әрбір 10 мың тұрғынға 33,9 дәрігерден келеді. Орта буын медицина қызметкерлерінің саны 104,4 мың адамды құрайды (10 мың тұрғынға 74,1). Жоғары білімді медицина кадрларын мамандандырылған 6 жоғары оқу орындары даярлайды. Барлық облыс орталықтары мен ірі қалаларда орта буынды медицина қызметкерлері даярланады. Қазақстанда тұрғындарға емдеу-профилактикалық қызмет денсаулық сақтау ісінің аумақтар бойынша тарамдалған нысандары арқылы жүзеге асырылады. «Қоршаған ортаның бұзылуы, өмірлік қозғалыстың азаюы, дұрыс тамақтанбау — созылмалы аурулардың артуына алып келді. Өз кезегінде халықтың ауру-сырқаттарға шалдығуы әлеуметтік қамтамасыз ету саласына түсетін жүктемеден асып кетті. Қазіргі кезеңде денсаулық сақтау саласын қаржыландыру мен медициналық жағдайды қамтамасыз ету баса маңызға ие болып келеді. Бұл тақырыптар БҰҰ Бас Ассаблеясының отырысында биыл талқыланатын болады», — деді Елбасы. Әрбір адамның денсаулығы оның толыққанды тіршілік етуін ғана емес, сонымен қатар оның мүмкіндіктерінің әлеуетін анықтайтын факторға айналып отыр. Халық денсаулығы жағдайының деңгейі өз кезегінде, елдің әлеуметтік-экономикалық, мәдени және индустриялық даму шамасын айқындайды. Медициналық көмек көрсетудің қолжетімділігін, уақтылылығын, сапасы мен сабақтастығын қамтамасыз етуге қызмет ететін бірыңғай дамыған, әлеуметтік бағдарланған жүйені білдіретін денсаулық сақтау саласы халық әл-ауқатының орнықты және тұрақты өсуі тұрғысынан алғанда республикадағы негізгі басымдықтардың бірі болып табылады. «Саламатты Қазақстан» мембағдарламасын іске асыру кезеңінде сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту арқылы денсаулықты сақтау мәселелері жөніндегі бірыңғай ұлттық саясатты қалыптастыру бойынша белгілі бір жұмыстар жүргізілді. Медицина мен денсаулық сақтау саласындағы қолданылып келе жатқан және жаңа теориялар мен концепциялардың негізгі түсініктемелері маркетингтік өзгерістерге сәйкес жаңартылуда.
Елорданы дамытудың жоспарында, әсіресе, әлеуметтік салаға айрықша маңыз берілген. Соның ішінде медициналық қызмет түрін неғұрлым қолжетімді ету, емханадағы кезекті азайту бағытында атқарылған жұмыстар көңіл қуантады. Бүгінде Нұр-Сұлтан қаласында 275 медициналық мекеме тіркелген. Оның 200-ге жуығы ғана нақты жұмыс істеп отыр. Ендігі міндет – елорданың денсаулық сақтау мекемелерінде медициналық туризмді белсенді дамыту. Бүгінде туризм үнемі қарқынды даму үстіндегі сала, оның үстіне барлық салаларға енуде. Мәселен, «туризм – медицина» тандемнің нәтижесінде медициналық туризм деген жаңа бағыт пайда болды. Туризмнің даму қарқыны – оның ішіндегі емдік туризм әлемнің көптеген елдерінде экономика саласының өркендеуіне өз септігін тигізеді, ал Қазақстан Республикасы үшін де осы жәйт қапыда қалмайды деген ойды ұстанып отырмыз. Осы жағдайға орай егер де мемлекет тарапынан туризмнің осы түрін дамытуға қолдау көрсетілмесе емдік туризм саласы құлдырауға ұшырауы ғажап емес. Осы істің жалғасын өрбіту үшін мемлекеттің назарын аудару біздің міндетіміз. Қараусыз қалған санаторлы курорттық орындарды халқымыздың игілігіне қолдана білуіміз керек, олардың ішіне ертеде зерттелген табиғи емдік ресурстарды жатқыза аламыз.
Нұр-Сұлтан қаласының медициналық кластеріне кіретін клиникалар жабдықталуы жағынан әлемдік деңгейдегі жоғары талаптарға жауап береді. Мәселен, республикалық нейрохирургия орталығы – бүкіл Орта Азиядағы бірден-бір орталық. Ал диагностикалық орталықта орнатылған аппараттар арқылы қатерлі ісікті бастапқы сатысында-ақ анықтауға мүмкіндік бар. Клас-тер құрамындағы әрбір клиникада қолданылатын осы тектес технологиялардың арқасында бұрын тек шетелдерде жасалатын күрделі операцияларды қазақстандық дәрігерлер жасай алатын күнге жетті. Алдағы уақытта елорданың денсаулық туризмін дамытуға барлық ауруханалар мен емханалар да жұмылдырылмақ. Ауруханалар мен емханалардың басым бөлігі біздегі үлкен миграцияға байланысты өте белсенді жұмыс істейді. Облыстардан бізге тұрғындар көп келеді. Сол себепті кейбір медициналық ұйымдар 150 пайыз жүктемемен жұмыс істейді дей келе, соған қарамастан, осындай жүктемемен жұмыс істеп келе жатқан ден¬саулық сақтау саласының мамандарына алғысын білдірді. Медициналық-санитарлық алғашқы көмек бойынша жаңа Астана декларациясын қабылдау — бүкіл әлемдегі денсаулық сақтау саласы үшін маңызды кезең болары анық.
Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында өткен жылы қала бойынша 100 мыңнан ас¬там адам амбулаториялық дең¬гейде тегін дәрілік препараттармен қамтылған. Биыл тегін дәрі-дәрмекпен 120 мыңға тарта адам қамтылуы тиіс. Бұл ретте Денсаулық сақтау басқармасы дәрі-дәрмектердің қолжетімділігін арттыру мақсатында препараттарды қала емханаларындағы дәріханаларда тапсыру жөніндегі шешім шығарған болатын.
Соңғы жылдары аутсорсингті дамыту мәселесі жиі көтерілуде. Медицина саласы өте маңызды орынға ие. Сол себепті шағын және орта кәсіпкерлік үшін үлкен мүмкіндік. Бұл ретте біз жекеменшік клиникалардың құрылысы туралы емес, сондай-ақ аутсорсинг тетігін пайдалану туралы айтамыз. Сонымен қатар, елорданың медицинасы жекеменшік және мемлекеттік деп бөлінбес үшін қызмет көрсету сапасы барлық жерде бірдей болуы керектігі назарда . Осы орайда цифрландыру шеңберінде жергілікті ақпараттық жүйелерді енгізуде қосымша жеке компания¬лармен жұмыс істеп, Денсаулық сақтау министрлігінің жүйесімен интеграциялану үшін белсенді жұмыс істеуге шақырылады.
Цифрландыру медциналық қызметтердің сапасына қазірдің өзінде-ақ оң әсер ете бастады. Мәселен, Қарағанды облысы бойынша нақты мысал келтірейік. Бұл облыспен бірлесіп жұмыс жасап жатқанымызға үш жылдан астам уақыт болды. Аталған өңірде цифрландыру нақты нәтиже беріп отыр. Қарағанды облысында цифрландырудың нәтижесінде туберкулездің алдын алудың жақсарғанын байқадық. Флюорографиялық тексеру барысында туберкулезді анықтау артты. Сондай-ақ, экономикалық тұрғыдан да үнем жасауға жол ашылды. Медициналық тұрғыдан тағайындалған дәрілік заттарды сатып алуға жұмсалатын шығын аз көлемде болса да азайды. Бас дәрігер науқасқа қандай дәрі, қандай ампула жөнелтілгенін жақсы біледі. Соның нәтижесінде стационарлық емге жұмсалатын шығындар 7 пайызға қысқарды. Науқастар туралы деректер қаншалықты құпия сақталады. Өйткені, ІТ саласының мамандары, яғни сіздердің әріптестеріңіз ең алдымен осыған ерекше мән береді. Қазіргі уақытта, елдегі осы нарықтың қомақты бөлігіне қызмет көрсетіп отырған «Даму» ақпараттық технологиялар компаниясының бәсекелестермен салыстырғандағы басты артықшылығы – басқа ІТ мамандары жекелеген клиникаларды автоматтандырумен айналысады, ал біз, жалпы денсаулық сақтау саласында цифрлық эко-жүйені құрамыз. Бұл өзі қиын термин. Біз барлығы бірыңғай ақпараттық кеңістікте жұмыс істегенін қалаймыз. Барлығы бір-бірімен қарым-қатынас жасай алса екен дейміз. Басты нысана — бас дәрігер емес, медициналық ұйым емес — пациент болуы керек. Әртүрлі нұсқаларын жасап көрдік. Ал пациентті басты нысанға қойғанда барлығы соның айналасында асқан дәлдікпен орналаса қалды. Мәселен, бір өңірдің 5-6 клиникасы бізбен жұмыс істейтін болса, олар бір-бірімен ақпарат алмаса алады. Біз бір-екі стационарды қосатын боламыз. Стационарлық амбулаториялық картаны көретін болады. Аталған ұйымдарға барып, цифрландыруды дұрыс қолданса, қандай нәтижеге қол жеткізуге болатынын байқауға болады.
Қоғамдық денсаулық сақтау саласы – интегралды теориялық-қолданбалы ғылым, халықтың денсаулығына әлеуметтік және экономикалық факторлардың әсерін зерттейді. Сондықтан медициналық мекемелердің корпоративті басқару қағидаттарына көшуі бастапқы медициналық-әлеуметтік көмек негізіндегі бәсекелестік есебінен жүзеге асырылады деп жоспарлануда. Бұл өз кезегінде медициналық көмекке деген қолжетімділікті арттырып қана қоймай, денсаулық сақтау саласында көрсетілетін қызметтің сапасын жақсартады. Сонымен қатар, тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі де мемлекеттік емес ұйымдар арқылы ұлғаяды. Десек те, еліміздің денсаулық саласында әлі де күрмеуі шешілмей келе жатқан мәселелер жоқ емес. Тегін емделу, тегін дәрі-дәрмек алу, түрлі жеңілдіктерге қол жеткізу, емханалардағы медициналық қызмет ақысы, сапалы медициналық қызмет мәселесі қанша талқыға түскенімен, әлі де бір жүйеге түскен жоқ. Қазақстандықтардың көбінің жеке медициналық орталықтардың ақылы қызметін қалтасы көтере бермейтіндігін ескерсек, халықтың денсаулығына алаңдауға негіз бар секілді. Мәселен, Канадада халықтың барлығы дерлік мемлекеттің есебінен емделеді. Канадалықтарға арнайы медициналық сақтандыру картасы беріледі. Мемлекеттің аумағында тұратын халықтың барлығына мұндай карта тегін таратылады. Сондай-ақ, емделушілер өздеріне көрсетілген медициналық қызмет үшін ешқандай да ақы төлемейді және бас ауыртатын құжат толтырудың да қажеттілігі жоқ.
Ал қазақстандық медицина саласында мұндай жүйелілік жоқ.
Жүйесіздік жайлаған сала қандай салдарға әкеліп соғатыны белгілі.

Коканов К.