Тараздағы көңіл көтеру орынында оннан астам құқық бұзушылық анықталды

Таразда құқық бұзушылықтарды анықтауға бағытталған рейдтік іс-шаралар барысында он көңіл көтеру орынына қатысты тексеру жүргізілді.
Рейдтер Жамбыл облысының Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлерінің қатысуымен және Тараз қаласының Полиция басқармасының жергілікті полиция қызметімен бірлескен түрде өтті.
Тексеру барысында ҚР ӘҚБтК 441-бабына сәйкес (Қоғамдық орындарда темекі бұйымдарын (кальян) тұтынуға тыйым салуды бұзу), әкімшілік құқық бұзушылықтың 12 дерегі анықталды.
Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2013 жылғы 14 наурыздағы № 6 «Қоғамдық орындарда кальян шегуге тыйым салуды енгізу туралы» қаулысына, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексінің 159-бабының 5-тармағына сәйкес, қоғамдық орындарда кальян шегуге тыйым салынғаны туралы ақпараттық парақшалар таратылды.
Тараз қаласындағы кафе-барлардың әкімшілігіне ҚР ӘҚБтК-нің 422-бабы (Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды өткізудің және (немесе) медициналық емес тұтынудың жолын кесуге шаралар қолданбау) және 423-бабы (Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды насихаттау және заңсыз жарнамалау) бойынша әкімшілік жауапкершілік туралы ескертілді.

Жамбыл облысы
Полиция департаменті
Баспасөз қызметі