Қазақстан Республикасындағы «Тіл туралы» заңның 5-бабына сәйкес Соттың құжат айналымының кіріс, шығыс және ішкі құжаттарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады. Қазіргі уақытта барлық құжаттар, іс-қағаздар мемлекеттік тілде орындалады. Мемлекеттік тілге деген талап күшейтілді. Өз сөзінде Ел басы Н.Ә.Назарбаев: «Қазақстанның жастары мынаны білуі тиіс: мемлекеттік тілді білмейінше, мемлекеттік органдарында немесе сот саласында жұмыс істеу мүмкін болмайды. Мемлекеттік тілде қойылған сұрақтарға сол тілде жауап беруге тура келеді. Уақыт бар, мүмкіндік бар, мемлекеттің қолдауы бар-өз функцияларында қажетті деңгейге жүзеге асыру үшін тілді үйрену керек» — сондықтан қазіргі жастарға қазақ тілін жетік меңгеруге мүмкіндіктері мол. Әр түрлі біліктілікті көтеру курстарын оқып, өз білімдерін жан-жақты жетілдіре алады.
ҚР ЖС Төрағасының басшылығымен 2019 жылдың 31 мамырда өткен сот жүйесінде мемлекеттік тілді жетілдіру жөніндегі республикалық кеңестің хаттамасын орындау жөніндегі Батыс Қазақстан облыстық соты бойынша іс-шаралар хаттамасының 4-ші тармағын, яғни тергеу органдарымен және жеке заңгерлермен бірлесіп, сотқа дейін материалдар мен істерді дайындау барысында тіл принципін сақтауға қатысты іс-шараларын ұйымдастыру барысында 2019 жылдың 31 шілдесінде БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандырылған ауданаралық сотында «Сотқа дейін материалдар мен істерді дайындау барысында тіл принципін сақтау» тақырыбында — дөңгелек үстел өткізілді.
«Бірлік болмай, тірлік болмас» — деген ежелден келе жатырған бабаларымыздың сөзін басшылыққа ала отырып, бірліктін күшімен, яғни, біздің жағдайда, құқық қорғау органдарының бұл сұрақта бірігіп, ат салысып БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты төраға міндетін атқарушысы Б.А.Ермахановтың бастауымен, БҚО прокуратураның, БҚО адвокаттар алқасының, БҚО бойынша ҚАЖ департаментінің, РУ 170/2 және РУ-170/3 мекеме өкілдерінің қатысуларымен дөңгелек үстел өткізілген. Сот төрағасының міндетін атқарушысы Б.А.Ермаханов өз сөзінде іс жүзінде нәтижеге қол жеткізу үшін барлық мемлекеттік органдардың бірлесіп күш салысу қажеттігін, мемлекеттік тілді білу деңгейін нығайту саласында оқыту стандартын арттыру қажет екендігін атап өтті. Сот саласының мамандарының дағдыларын жақсартуға мемлекеттік тілде әр-түрлі салада іс-шаралар өткізу қажеттігін айтты.
Дөңгелек үстелге қатысушы құқық қорғау органдарының өкілдері қазақ тілінің мемлекеттік органдарының арасында құжат айналымын 100 пайызға көтеруді бірауыздан қолдады.
Сот, өз кезегінде, жоспар бойынша, әр жұма сайын сот мамандарымен жедел отырысын мемелекеттік тілде жүргізіп, жедел отырысының хаттамаларын мемлекеттік тілде жазады. Әр тұлғадан немесе мекемелерден келіп түскен хаттарға, сұраныстарға жауап шығыс құжат арқылы 100 пайыз мемлекеттік тілде береді, сұраныстар орыс тілінде келіп түскен жағдайда жауап екі тілде жазылып береді.
Сот жүйесінің басшылығымен мемлекеттік тілді білу, оны қолдану және жетілдіру сот жүйесін реформалау сұрақтарының қатарындағы басты мәселесі болып саналады, мен патриот болғандықтан, бұл жайыт маған қуаныш сезім әкеледі. Тіл болмаса — ұлт болмас, тіл мәселесі шешілмей, біздің болашағымыз тұрмақ, ұрпақтарымыздың болашағы қараңғы екенін әр қазаққа құпия емес.
Жалпы тіл білігі-мәдениеттілігіміз бен елжандылығымыздың нышаны. Әрбір ісіміз мемлекеттік мүддені ұлықтап, халықтың абырой-беделін көтеретін, рухы биік, мәдениеті мәртебелі ұрпаққа берілетін ұлттық тәрбиемен бағытталғаны дұрыс. Сондықтан, еліміздің барлық өңірінде мемлекеттік істі мемлекеттік тілде жүргізу қажет. Қағаз жүзінде емес, іс жүзінде. Яғни, болашақтың іргетасы бүгіннен қаланатынын ескерген жөн.
Тлемберлиева А.А.
БҚО қылмыстық істер жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық
соты бас маман