Таразда Халық қаһарманы Ғазиз Байтасовты еске алу шарасы өткізілді
2020 жылдың 12 қарашасы күні сағат 10.00-де Жамбыл облысының Полиция департаментінде Халық қаһарманы Ғ.Байтасовты еске алу күніне арналған салтанатты іс-шара өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz. Іс-шараға Жамбыл облысы Полиция департаментінің басшылығы, Ғ.Байтасовтың туыстары, Жамбыл облысы мемлекеттік органдарының өкілдері, ішкі істер органдарының ардагерлері қатысты. Салтанатты митинг Халық қаһарманы Ғазиз Байтасовтың ескерткішіне гүл шоқтарын қоюмен басталды. Салтанатты гүл шоқтарын қою рәсімінен кейін батырды бір минут үнсіздікпен еске алып, үш дүркін салтанатты салют атылды. – Халық қаһарманы, ішкі істер органдарының үздік қызметкерлерінің…