Мемлекеттік қызметкерлер
Мемлекеттік қызмет ұғымы және оның қағидаттары. Мемлекеттік қызметкерлер де әкімшілік құқықтың субъектілері болып табылады. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңы бар. Онда мемлекеттік қызметкер, мемлекеттік қызмет ұғымдарына анықтама берілген. Мемлекеттік қызмет — мемлекеттік қызметкердің мемлекеттік биліктің міндеттері мен қызметтерін іске асыруға багытталған мемлекеттік органдардағы лауазымдың өкілеттіктерін атқару жөніндегі қызметі. Мемлекеттік қызметкер — мемлекеттік органда белгіленген тәртіппен ақы төленетін қызметті иеленген және мемлекеттің міндеттері мен қызметін іске асыру мақсатында қызметтік өкілеттігін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы. Мемлекеттік қызметкерлер екі түрге…