Тәуелсіздіктен бергі кезеңде Қазақстанда әлемдік өркениет талаптарына сай келетін сот жүйесі толық қалыптасып, бұның өзі судьялардың тәуелсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды қадамдардың бірі болғаны да рас.
Біз мәңгілік ел боламыз деп, кемел келешегі бар мемлекет құруды көздеген халықпыз. Сот төрелігінің әділдігі мен жедел әрі толық орындалуы- кез келген елдің кемел болмысының көрінісі.
Парламент Сенаты сот билігін жетілдіре түсетін бірқатар заңдарды қабылдады. Атап айтқанда, «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңын, «Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Заңын, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне істерді қараудың апелляциялық, кассациялық және қадағалау тәртібін жетілдіру, сенім деңгейін арттыру және сот төрелігіне қол жетімділікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңын қабылдады.
Бүгінгі таңда еліміздегі мәні мен маңызы жағынан барлық құқықтық жүйенің бастауында тұрған сот саласы, қай тұрғыдан болсын, өз дәрежесінен табылып жатқаны баршаға аян. Сондықтан соттарға халықтың басым көпшілігі алғыс жаудыратыны анық. Ал мемлекет тарапынан сот саласына соттардың материалдық-техникалық жабдықтармен қаржыландырылуына, судьялар мен сот қызметкерлерінің жұмыс істеуіне орасан жағдай жасалды.
Жалпы айтқанда, Қазақстандағы сот жүйесі әлемдік стандарттарға барлық параметрлермен сәйкес келді. Біз сот жүйесін реформалауда көптеген мемлекеттерден алдыңғы қатарлы орындарда келе жатырмыз.
Қазіргі
таңда жаңа техналогиямен қамтамасыз етілген жаңа сот халыққа қызмет етіп жатыр.
Бұл халықтың сенімі мен құрметіне ұластырып отыр.
Н.Аманжолов
Ақтобе облысы, Мұғалжар аудандық №2 сотының жетекші маманы