Елімізде Наурыз айынан бастап төтенше жағдай жарияланып, коронавирус (COVID-19) індетіне байланысты карантин енгізілгеннен кейін Қазақстанда сот процестері онлайн режимінде жүргізіле бастады.
Ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап Қазақстан Республикасындағы соттар толықтай онлайн-жұмыс форматына көшті. Бірден айта кету керек, судьялар қашықтан жұмыс істемейді (мысалы, үйден).
Соттар әдеттегідей жұмысын жалғастыруда, судьялар мен хатшылар сот залында қатысады, бірақ дауласушы тараптардың қатысуынсыз.
Тараптар сот отырысына аудио-, бейне байланыс («Zoom», «WhatsApp») қосымшасы арқылы сот отырысына қосылады. Осыған байланысты осы бапта «онлайн-сот ісін жүргізу» деп сот отырысына тараптардың қашықтан қатысуымен істерді соттың қарауы түсініледі.
Бейне конференц-байланыс жүйелерін қолданатын сот процестері бұрыннан үйреншікті жағдайға айналды.
Соттар тәулігіне осындай 1,5 мыңнан астам отырыс өткізеді. Бүгінгі күні енгізілген эпидемияға қарсы шектеулерге байланысты азамат бейне-конференц-байланыс жүйесі бойынша өз ісін жоғары тұрған инстанцияда қарауға қатысу үшін жақын маңдағы аудандық сотқа келе алмайды. Сондықтан Жоғарғы Сот веб-байланыс технологиясын енгізе бастады.
Техникалық тұрғыдан алғанда, веб-видео-конференц-байланыс технологиясы есептеу техникасының көмегімен кеңседе немесе тіпті үйде бола отырып, сот отырысына қатысуға мүмкіндік береді.
Сот отырысына онлайн қатысу үшін смартфонға AppStore немесе Playmarket-тен “Zoom, WhatsApp” қосымшасын жүктеу жеткілікті.
Сот отырысының хатшысы алдын-ала ескертеді, процеске қатысушы бағдарламаға кіруді жүзеге асырады және мобильді бейне-конференц-байланыстың жазбасын растауға сұрау салуды қабылдайды.
Сот отырысы аяқталғаннан кейін қосымшадан шығу қажет. Бұл қосымша тараптарға смартфон мен интернет желісі болса, әлемнің кез келген нүктесінен сот отырысына қатысуға мүмкіндік береді.
Мәселен, облыстық сот қылмыстық іс бойынша апелляциялық шағымды қараған кезде адвокаттардың бірі ауруханада стационарлық емделуде болғаны және сот отырысына келуге мүмкіндігі болмағаны анықталды.
Оған ұялы телефон «Zoom» қосымшасы арқылы сөйлесуге мүмкіндік берілді. Сот ісін онлайн режимінде жүргізу уақыт пен қаражатты айтарлықтай үнемдейді, істерді жедел қарауға қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Онлайн сот процестері аумақтық кедергілерді жояды, уақыт пен материалдық ресурстарды үнемдейді, іс бойынша тараптардың ыңғайлы қол жетімділігін қамтамасыз етеді.
Сот актілері, сондай-ақ процестің тараптарына судьяның цифрлық қолтаңбасымен электрондық түрде жіберіледі.
Осылайша, it-сервистер арқылы сот төрелігіне кедергісіз және ыңғайлы қол жеткізу қамтамасыз етіледі.
А. Темирбаева
Нұр-Сұлтан қаласы
Байқоныр ауданының №2
сотының бас маманы-сот
отырысының хатшысы