Болашақта ел тізгінін ұстайтын, еліміздің әлемдік деңгейдегі бәсекеге қабілетті, жан-жақты дамыған, өркениет көшінен лайықты орын алатын, еліміздің қарқынды дамуына өзіндік үлес қосатын қоғамның негізгі белсенді күші – жастар екені сөзсіз.
Бүгінгі таңда жастар ел дамуының қозғаушы күші ретінде озық идеялармен қаруланып, еліміздің дамып, өркендеуіне айрықша үлес қосып келеді. Жастардың әлеуетін тиімді іске асыру мақсатында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен елімізде Президенттің жастар кадр резерві жобасы іске асырылуда.
2019 және 2021 жылдары өткізілген іріктеу нәтижесінде резервке 350 адам іріктелді. Бүгінгі таңда олардың көпшілігі еліміздің түрлі салаларында маңызды лауазымдарға тағайындалып, еліміздің гүлденуіне өз үлестерін қосуда.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті резерв өкілдерін Ақмола облысындағы бос мемлекеттік лауазымдарға тарту бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде, себебі олардың әлеуетін жергілікті халықтың әл-ауқатын арттыру, жергілікті басқару саласын одан әрі жетілдіру мақсатында қолдану – тиімді шешім болып табылады.
Бұл бағыттағы атқарылып жатқан жұмыстар өзінің тиімді нәтижесін беруде. Атап айтқанда, жақында кадр резервінің мүшесі Жазитов Тимур Айдарұлы Ақмола облысы Шортанды ауданы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.
Тимур Жазитов өзінің еңбек жолын Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында Қазақстан тарихы кафедрасының оқытушысы лауазымынан бастады. Жергілікті және орталық атқарушы органдарда, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым, Ұлттық экономика министрліктерінде жауапты лауазымдарда жұмыс істеді, Әлеуметтік саясат және мемлекеттік органдарды дамыту департаменті директорының орынбасары лауазымын атқарды. Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтын, Алматы экономика және статистика академиясын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша бітірген.
Бүгінгі таңда Тимур Айдарбекұлы ауданның мәдениет, спорт, ішкі саясат, халықты әлеуметтік қорғау, жұмыспен қамту, денсаулық сақтау және білім беру салалары бойынша жұмысты сүйемелдейді.
Халқының негізгі бөлігі ауыл-аймақта шоғырланған Қазақстан үшін ауылдың жағдайын көтеру – басты мақсат. Сол себепті лауазымға тағайындалған уақыттан бастап Тимур Жазитов әкімдіктің бөлім басшыларымен бірлесіп, ауданның барлық ауылдық округтерін аралап, халық алдында есеп беріп, олардың мұң-мұқтажын тыңдап, түйіткілді мәселелерін шешуге кірісті. Жергілікті тұрғындармен бетпе-бет араласып, проблемалық мәселелерді жан-жақты талқылау нәтижесінде Тимур Айдарбекұлының айтуынша, оның ауылдық елді-мекендердегі халықтың өмір сапасын арттыру, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарды дамыту, ауыл халқының әлеуметтік игіліктер мен мемлекеттік қызметтерге қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша белгілі бір идеялары бар.
Тимур Айдарұлы жергілікті өзін өзі басқару саласында іске асырылып жатқан реформалар аясында ауылдық округ әкімдерінің рөлін күшейту қажет деп есептейді. Ауыл әкімі өз ауылындағы барлық проблемалық мәселелер үшін жауап беруі тиіс. Ауылды жерлерде адамдарды ұстап қалудың тағы бір жолы – оларды тұрақты, сенімді жұмыспен қамту екенін алға тартқан ол мемлекеттік бағдарламалардың әлеуметтік саламен қатар, экономикаға да бағдар алғаны дұрыс екенін айтады.
Бюджетаралық қатынастарда біртіндеп реформалар жүргізіп, бюджеттің төртінші деңгейіне берілетін функцияларды көбейту қажеттігі бар. Бұл ең алдымен білім саласына қатысты, себебі мектептер ауылдық жерлердегі басты нысандардың бірі. Мектебінің болашағы болмаса, сол ауылдың болашағы да қараңғы. Осыған байланысты Тимур Жазитов мектептерді қаржыландыруды ауылдық округтің бюджетіне ауыстыруды, мектепті ауылдық әкімдіктің теңгеріміне беруді ұсынады. Дәл осындай жұмысты мәдениет және спорт саласындағы маңызды нысандарымен де жүргізуге болады. Бұл ауылдық округ әкімінің беделін нығайтып, оның өкілеттіктері кеңейтеді деген ойда. Бұл шаралар елдегі жергілікті қоғамдастық пен жергілікті өзін-өзі басқарудың рөлін, сондай-ақ ауылдық округтер мен кенттер әкімдерінің рөлін арттырады. Жалпы, бұл әлемдік үрдіс, өйткені барлық дамыған елдерде жергілікті өзін-өзі басқару жүйесі дамудың осындай сатысына жеткен.
Қазіргі таңда ауылдық жерлерде шешімін табуды талап ететін бірқатар мәселелер бар. Мәселен, еліміздегі ауылдардың жартысынан астамында көшелер, білім беру және денсаулық сақтау нысандары жөндеу жұмыстарын жүргізуді қажет етеді. Осыған байланысты Тимур Айдарұлы Жазитов ауыл-аймақты дамытуға бағытталған нақты іс-шаралар жоспарын құрып, оны жергілікті кәсіпкерлермен және мүдделі тұлғалармен ынтымақтастықта іске асыруды қолға алып отыр.
Президенттік жастар кадр резерві мүшесінің басымдықтарды дұрыс қоя білу, мақсатқа талпыну, ел игілігі үшін қам жеу, саяси және экономикалық тұрғыда дұрыс шешімдер қабылдай білу сияқты қасиеттерінің бар екендігі қуантады.
Райхан Братаева,
ҚР Мемлекеттік қызмет істері
агенттігінің Ақмола облысы
бойынша департаментінің
мемлекеттік қызмет
басқармасының басшысы