Орал қаласының мамандандырылған тергеу сотында құқық қорғау органдарының өкілдері мен Орал қаласының прокуратура өкілдерінің қатысуларымен «Мемлекеттік тілдің бүгіні мен ертеңі және мемлекеттік тілді қызмет бабында қолданудың маңыздылығы» аясында дөңгелек үстел өтті.
Кеңсе бас маманы Гульмира Темиргалиева дөңгелек үстелді аша отырып, өткізіліп отырған шараның өзектілігі мен маңыздылығын айтып, мемлекеттік тілдің қызмет аясын кеңейтіп, күнделікті қаралып жатқан істердің қазақ тілінде қаралуының саны мен сапасын арттыру қажеттілігін атап көрсетті.
Дөңгелек үстел барысыныда жетекші маман Альмира Уюмдасова өз баяндамасында мемлекет басшысының Қазақстан Республикасының тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында баяндалып өткендей қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі толыққанды қызметін қамтамасыз ете отырып, қазақ тілін жаңғыртуға, мемлекеттік тіліміздің мәртебесін тереңінен насихаттай отырып, рөлін нығайта отырып, оны жүзеге асыру, біздің әрқайсымыздың міндетіміз болып табылатынын атап өтті.
Сондай-ақ, дөңгелек үстел барысында мемлекеттік тілде қылмыстық істерді және материалдарды қараудың санын және сапасын көтеру, мемлекеттік тілде құжаттарды сауатты әзірлеу және дайындау бойынша мәселелер талқыланды.
Сонымен қатар, дөңгелек үстел аясында мемлекеттік тілдегі материалдардың саны мен сапасын одан әрі арттыру, сондай-ақ қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту мәселелері талқыланды.
Туындаған сұрақтар бойынша мазмұнды түсіндірме берілді.
Гульмира Темиргалиева
Орал қаласының
мамандандырылған тергеу
сотының бас маманы