Әрекетке қабілеттілік – азаматтық міндеттің маңызды элементі. Азаматтық кодекстің 26-бабының 1-бөлігіне сай жүйке ауруы немесе ақыл-есінің кемдігі салдарынан өз әрекетінің мәнін түсіне алмайтын немесе не істегенін білмейтін азаматты сот әрекет қабілеттілігі жоқ деп тануы мүмкін, соған байланысты қорғаншылық белгіленеді.
Алайда сырт көзге көрініп тұрған жүйке ауруы немесе ақыл есінің кемдігі, емдеу мекемесінің анықтамасы бар болған жағдайда да азаматты әрекетке қабілетсіз деп санауға негіз болмайды. Азамат тек қана оның отбасы мүшелерінің, жақын туыстарының, прокурордың, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның арызы бойынша сот шешімімен әрекетке қабілетсіз деп танылуы мүмкін.
Азаматтың психикалық ауруы немесе психикасының бұзылуы, ақылының кемістігі немесе психикасының өзге де сырқатты хал-жайы туралы жеткілікті деректер болған кезде сот оның психикалық жай-күйін анықтау үшін сот-психиатриялық сараптама тағайындайды.
Азаматты әрекетке қабілетсіз деп тану туралы арызды сот азаматтың өзінің, арыз берушінің, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган өкілінің қатысуымен қарайды. Сонымен қатар судья істі сот талқылауына дайындау кезінде қозғалған іс бойынша азаматтың мүдделерін білдіру және қорғау үшін ресми өкіл-адвокат тағайындайды. Осы әрекеттің барлығы азаматтың құқықтары мен мүдделерін қорғауға кепілдік береді. Әрекетке қабілетсіз деп тану туралы өзіне қатысты іс қаралатын азамат, егер оның сот отырысына қатысуы оның өмірі мен денсаулығы үшін не айналасындағылардың өмірі немесе денсаулығы үшін қауіп төндірмесе, сот отырысына шақырылуға тиіс. Егер адамды әрекетке қабілетсіз деп тану туралы іс бойынша сот отырысына азаматтың өзінің қатысуы оның өмірі мен денсаулығы үшін не айналасындағыларпдың өмірі мен денсаулығы үшін қауіп төндірсе, іс оның тұратын жері бойынша қаралады.
Көрсетілген санаттағы істерді қарау кезінде арыз беруші сот шығындарын төлеуден босатылады.
Азаматты әрекетке қабілетсіз деп сот шешімі заңды күшне енгеннен кейін ғана есептеледі. Сот шешімі қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның қамқоршы тағайындауы үшін негіз болып табылады.
Жүйке ауруы немесе ақыл-есінің кемдігі салдарынан әрекетке қабілетсіз деп танылған адаммен жасалған келісім жарамсыз деп саналады. Әрекетке қабілетсіз деп танылған азаматтың атынан келісімдерді оның қамқоршысы жүзеге асырады.
Әрекетке қабілеттілігі жоқ адам сауығып кеткен немес денсаулығы едәуір жақсарған жағдайда сот қорғаншының, психиатриялық емдеу мекемесінің, отбасы мүшесінің, жақын туысының, прокурордың, психиатриялық мекеменіің, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның арызы бойынша сот-психиатриялық сараптаманың тиісті қорытындысы негізінде сауыққан немесе денсаулығы едәуір жақсарған адамды әрекетке қабілетті деп тану туралы шешім шығарады. Сот шешімінің негізінде азаматқа белгіленген қорғаншылық күшін жояды.
А. Ізбанова
Батыс Қазақстан облысы,
Жаңақала аудандық соты
әкімшісінің бас маманы-
сот отырысының хатшысы