Ақиқаттың жолынан таймаған

Өткен жылдан бастап 24 маусым Қазақстан соттары мен сот қызметкерлерінің кәсіби мерекесі.
Осы салада 30 жылдан астам қызмет етіп, сот жүйесінің дамуына елеулі үлес қосқан, жастарға үлгі болатын отставкадағы судья Т.Қ.Амреновтің еңбек пен өмір жолынан бір естелік жазуды жөн көрдім.
1984 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін бітіргеннен кейін, Тоқтар Қалиасқарұлы еңбек жолын бұрынғы Целиноград облысы, Сілеті аудандық сотының судьяның стажері болып бастаған.
Кейін, Шығыс Қазақстан облысының Глубоковский ауданында, облыстық сотта, Астана қалалық сотында мемлекет атынан сот төрелігін жүзеге асырған.
Қазақстан Республикасының Президентінің «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл», Жоғарғы Сот төрағасының «Мінсіз қызмет үшін» медальдарымен, «Үш би» құрмет белгісімен марапатталып, 2013 жылдың қорытындысымен Маңгыстау облысының үздік судьясы болып танылған.
Еңбегі бағаланып, жоғары жетістіктерге жетудің себебі неде деген сауалға ағамыз былай деді.

  • «Мен орта мектепті ауылдық жерде бітірдім. Сурет салуға ыңғайым болғандықтан архитектор болуға талпынып көрдім. Алайда жолым болмады, жоғарғы оқу орнына конкурстан өтпей қалдым. Содан уақыт өтіп есейе келе әскер қатарында жүргенде өзімді заңгер ретінде көргім келді. Бүл мен үшін үзілді-кесілді шешім болды. Содан, мектептен кейінгі алты жылды артқа тастап, екі мәрте сәтсіздікті еңсеріп арман болған заң факултетінің Қарағанды мемлекеттік Университетінің студенті атандым. Менің білуімше, білікті судья болу үшін теориялық білімің болу керек, бірақ ең алдымен осы лауазымға сәйкес мінез-қүлқың болғаны дүрыс.
    Осы ретте мынадай бір даналық сөздер еске түседі. «Қаншама оқып-тоқығаның болса да, егер мінез қүлқың біліміңе сай болмаса, бәрібір надансың» делінген. Осыған орай бір жәйт есімде қалды. Университет бітірген соң Ақмола облысы, Сілеті аудандық халық сотында стажер болып жүрдім, Сот төрағасы Тілеулес Хамит үлы Махметов кезекті демалысқа шығып, мені орнына судьяның міндетін атқарушы болып қалдырды. Ол кезде (1984- 1987ж) судья қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істерді қарай беретін. Ауылдық жерде ірі-қара мал үрлаған бір орта жастағы екі ер адамның қылмыстық ісін қарап отырып ол екеуіне дүрсе қойып, дауыс көтеріп, біраз жерден алып- жерге салған сияқтымын. Судья болдым деген ең алғашқы жастықтың да буы болса керек. Әрине бүл іс алғашқы болғандықтан мен үшін өте маңызды болғаны анық. Сотталушылар екеуі де ауылдың қарапайым адамдары, бүрын сотты болмаған. Жәбірленушіге келтірілген шығын өтелген, соған байланысты бас бостандықтарынан айырмайтын жаза қолданылды. Содан ертеңінде хатшы қыздың сот процесінің хаттамасын тексеріп отырсам, ол маған «Тоқтар Қалиасқарүлы кеше сіз процесте қатты айқайладыңыз ғой» демесі бар ма. Осы сөз маған қатты ой салды. Расында мен дүрыс жасамадым ба деп ойладым. Кейіннен, алдыңда қандай қылмыскер отырса да оның Конституциялық қукығына сәйкес, адамды сыйлау түрғысынан қарау керектігін бүлжытпай сақтайтын болдым. Жоғарыда келтірілген даналық сөз өмірде, 33 жылдық судьялық қызметте менің адастырмайтын жарық жүлдызым болды» деп аяқтады сөзін.
    Қазақта «Жақсының жақсылығын айт, мейірі тассын …» дейді.
    Сот төрелiгiн жүзеге асыруда өз мiндеттерiн адал және абыроймен атқарып, бүгінгі күні «Әділ сот төрелігі» Академиясында дәріс оқитын ұлағатты ұстаз Тоқтар Қалиасқарұлына еңбегіңіздің зейнетін көріңіз деп тілейміз!

К.А.Ермағанбетова
Астана қаласының азаматтық
істер жөніндегі ауданаралық
сотының судьясы