Дереу сотқа талап арыз бергіңіз келсе, осы сервисті қолдануға әбден болады. «Сот кабинеті» — бұл электрондық ақпараттық сервис, ол сот органдарының онлайн сервисіне қолжетімді бірыңғай терезе сот ісін жүргізуді жеңілдету және азаматтар үшін сот жүйесінің қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында іске асырылған. Осы сервистің ерекшелігі азамат, оның адвокат тұлғасындағы өкілі немесе заңгер кез-келген ыңғайлы уақытта, үйінен немесе кеңседен шықпай-ақ, интернет желісі арқылы сот құжатын, сондай-ақ істегі мәртебесін көре алады және сот актісін басып шығарып алуға мүмкіншілігі бар.
Әрбір сотқа жүгінген азамат «Сот кабинеті» арқылы арыз беру үшін «Халыққа қызмет көрсету орталығында» электронды цифрлы қолтаңба алуы қажет. Сот кабинеті сервисі арқылы заңды тұлғалардың мемлекеттік баж төлеу мәселесі шешімін тапты, жеке тұлғаның төлем карточкасы арқылы бажды төлеу, сондай-ақ, төлем құжатының сканерден өткен көшірмесін беру мүмкіндігі бар. «Сот кабинеті» және «Сот құжаттарымен танысу» электронды сервистері Жоғарғы Соттың ресми сайтында іске қосылған. Аталған қызметтерді электронды цифрлы қолтаңбасы бар азамат тұтына алады.
«Сот кабинеті» сервисі біртіндеп қағаз құжат айналымынан бас тартуға, ол өз кезегінде соттарда электрондық сот ісін жүргізудің жаңа сатысына көшуге мүмкіндік берді. Жоғарғы Соттың және жергілікті соттардың сайтында «Сот құжаттарымен танысу» сервисі іске қосылған. Аталған сервис сот өндірісінің жеделдігі мен қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының сайтындағы электронды сот құжаттарымен танысуға мүмкіндік береді.
«Сот кабинетінің мобильдік нұсқасы» бүгінгі күні тамаша нәтижесін беріп отыр. Қосымша жеке және заңды тұлғаларға қолжетімді. Пайдаланушыларды мобильдік қосымшада тіркеу сервисінің веб-нұсқасына қарағанда артықшылықтары бар. Пайдаланушыны тіркеу үдерісі үшін «Сот кабинеті» сервистерін қолдануға пайдаланушысы келісіміне алдын ала қол қойып, пайдаланушының ЖСН және ұялы телефон нөмірін көрсетуі жеткілікті.
Пайдаланушы көрсеткен ұялы телефон нөміріне СМС – хабарлама арқылы қосымшада автор үшін құпия сөз келеді. Жаңадан енгізілген аталмыш қызмет түрлері мүдделі тұлғаларға істің қаралу мерзімдерін бақылап отыруға пайдасын тигізіп отыр.
Халыққа тағы да айта кетерлік жайт, ғаламторды еркін меңгере алатын азаматтарға, «Сот кабинеті» сервисін түсінудің еш қиындығы жоқ, бұл сервис әлдеқайда уақытыңызды үнемдеп, тез арада жұмыстарыңызды бітіруге көмегін тигізеді. Ол бұл күні сот жүйесіндегі үлкен жетістіктердің бірі болып саналады.
А.Н.Оразбек
БҚО Бөрлі аудандық
соты әкімшісінің басшысы