Талап қоюшы ЖШС сатып алу-сату келісім шарты негізінде жауапкер АҚ-нан жер учаскесін сатып алған.
Бір жыл өткен соң МАЭС Жер ресурстарын басқару департаментінің талап қоюын қарап, сатып алу-сату шартын жарамсыз деп таныған.
Негіз – жер учаскесі қаланың әкімдігімен АҚ-ның пайдалануына заңсыз берілген. Бұл жағдай ЖШС-нің жауапкер АҚ-нан 80 млн. теңге қарыз берешекті өндіру туралы талап қоюына негіз болған.
АҚ талап қоюмен толық келіскен, сол себепті тараптар дауды өздеріне ыңғайлы шарттар негізінде медиация тәртібімен реттеужәне медиациялық келісіммен бекіту, іс бойынша іс жүргізуді екіжақты келісіммен тоқтату туралы өтінішхат жолдаған.
МАЭС 80 млн. теңгені құраған дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді бекітті. Талап қоюшыға бюджеттен бұрын төленген 2,4 млн. теңге мемлекеттік баж салығы қайтарылған. Сот ұйғарымы заңды күшіне енді.