Қазақ тілінің мәртебесін көтеру жаңа дәуірдің талаптары

Қазақстанның тәуелсіздік жылдары қазақ тілінің мәртебесі айтарлықтай жоғарылады, бірақ оның қолданысын толық қамтамасыз ету әлі де өзекті мәселе болып отыр. Қоғамда, әсіресе ірі қалаларда қазақ тілі көп жағдайда екінші орынға ығысып, орыс тілі басымдыққа ие. Осыған орай жаңа заман талаптарына сай қазақ тілін қолданысқа енгізудің тиімді жолдарын қарастыру қажет.
Қазақ тілі — мемлекеттің тәуелсіздік белгісі ғана емес, ұлттың тұтастығы мен бірегейлігін айқындайтын басты құндылық. Қазіргі кезде қазақ тілінің мәртебесін арттыру мен оның болашағын қамтамасыз ету басты міндеттердің бірі болып отыр. Бұл мәселеде мемлекет, қоғам және әрбір азаматтың атқарар рөлі зор.
Біріншіден цифрлық әлемде қазақ тілін кеңінен қолдану маңызды. Қазіргі жастардың басым бөлігі интернетке тәуелді, сондықтан қазақ тілінде сапалы контент жасау арқылы тілді дамытуға үлкен мүмкіндіктер бар. Әлеуметтік желілерде, блогтар мен подкасттарда қазақ тілінде танымдық әрі қызықты материалдардың болуы тілді заманға сай қолдануға септігін тигізеді.
Қазақ тілінің мәртебесін көтеруде ақпараттық технологиялар мен интернет кеңістігінің рөлі де үлкен. Қазақ тілінде сапалы контент жасап, оны кеңінен тарату — тілді заман талабына сай дамытуға мүмкіндік береді.
Екіншіден кәсіпкерлік пен бизнес саласында қазақ тілінің мәртебесін көтеру маңызды. Көптеген мемлекеттік және жеке мекемелерде орыс тілі басым болғандықтан, қазақ тілінде қызмет көрсету деңгейі әлі де төмен. Қазақ тілі бизнесте, саудада, туризмде толыққанды қолданылуы тиіс.
Тілді дамытудың негізгі бағыттарының бірі — білім беру саласында қазақ тілінің сапалы оқытылуын қамтамасыз ету. Балабақшадан бастап жоғары оқу орындарына дейін қазақ тіліне ерекше мән беріліп, оны оқыту инновациялық әдістермен жүзеге асырылуы тиіс. Жас буын қазақ тілін тек ана тілі ретінде емес, ғылым мен білім тілі ретінде де қабылдауы қажет.
Үшіншіден қазақ тілін жастар арасында дәріптеу мақсатында мәдениет және өнер саласында жобалар ұйымдастыру қажет. Қазіргі заманғы музыкалық, әдеби, кинотуындылар қазақ тілінде жасалып, жастардың қызығушылығын арттыруы керек.
Қазақ тілінің мәдениет пен өнердегі орны ерекше. Қазіргі таңда қазақ тіліндегі әдеби шығармалар, кино және музыкалық жобалар арқылы тілдің байлығын көрсету маңызды. Мәдениет саласында қазақ тілін насихаттау арқылы халықтың тілді меңгеруге деген қызығушылығын арттыруға болады.
Қазақ тілінің мәртебесін көтеру — тек тіл мәселесі ғана емес, елдің рухани және мәдени дамуының маңызды бөлігі. Сондықтан тілдің қолданысын кеңейту үшін барша қоғам болып атсалысуымыз қажет.
Қорытындылай келе, қазақ тілінің болашағы — біздің бүгінгі іс-әрекетімізге байланысты. Тілге деген құрмет пен оны дамытуға деген ұмтылыс әрбір азаматтың міндеті. Қазақ тілінің қоғамдағы рөлін нығайту арқылы біз болашағымызға сенімді қадам жасай аламыз.
Мемлекетімізде мемлекеттік тілге көшу қарқыны енді іркілмейтін үрдіске ауып барады. Барлық мемлекеттік органдар, мекемелер мемлекеттік тілді дамыту мен қолдануды жүзеге асырып, әртүрлі іс-шаралар өткізу үстінде. Сонымен қатар, газет — журналдарда, теледидарда әртүрлі бағдарламаларда мемлекеттік тілдің маңыздылығы туралы аз айтылып жатқан жоқ. Қазіргі таңда осындай үгіт — насихат жұмыстары сот жүйесінде де өтуде, ол мемлекеттік тілдің дамуына ықпалын тигізіп, күннен — күнге мемлекеттік тілдің даму сатысы биіктеп барады.

Н.Ж. Жунисова
Қылмыстық істер жөніндегі
мамандандырылған
ауданаралық әскери
сот әкімшісінің басшысы