Сенім пункттердің жұмысы туралы

Бүгінгі таңда АИТВ – инфекциясы — 36 миллионнан астам адам жұқтырған дүниежүзілік эпидемияға айналған инфекцияларның бірі. Әлемде жыл сайын 2 миллионнан астам жаңа АИТВ-мен жұқтырған адамдар саны тіркеледі. Қазақстандық статистикаға жүгінсек, алдыңғы жылы әрбір 100 000 тұрғынға шаққанда 128 АИТВ-мен жұқтырғандардың саны келген. Қалыптасқан эпидемиологиялық жағдай сәйкес Қазақстанда инфекцияның таралу толқынын төмендету шаралары енгізілді.
Инфекцияның негізгі берілу жолдары парентералдық және жыныстық жолдар болғандықтан тұрғындардың негізгі осал топтарына инъекциялық есірткілерді тұтынушылар (ИЕТ), секс-қызметкерлері (СҚ) және еркектермен жыныстық қатынас жасайтын еркектер (ЕЖЕ) жатады. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2013 жылғы 28 апқандағы №115 бұйрығына сәйкес АИТВ-инфекциясының таралуын төмендету мақсатында Қазақстан Республикасының әрбір қаласында жергілікті ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталықтарында осал топтармен жұмыс жасайтын сенім пунктері бар.
Сенім пунктері әрбір осал топқа жататын 500 тұрғынға шаққанда олардың негізгі шоғырланған аймақтарында жергілікті ЖИТС орталықтарының басшылығының шешімімен ашылады. Сондықтан Қазақстанның әрбір қаласында халық саны мен қажеттілікке сәйкес сенім пунктерінің саны өзгеріп отырады. Сенім пунктері стационарлық және жылжымалы түрлерге бөлінеді.
Стационарлық сенім пунктері елді-мекендерде медициналық ұйымдар мен үкіметтік емес ұйымдардың қарамағында ашылады. Сенім пунктеріне келесі негізгі міндеттемелер жүктеледі:
• Тұрғындардың осал топтары арасында қолданылған шприцтерді жаңа стерильді шприцтерге ауыстыру, мүшеқаптар мен ақпараттық-оқытушылық материалдарды тарату;
• АИТВ-инфекциясы, вирустық гепатиттер (ВГ) мен жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың (ЖЖБИ) алдың алу, АИТВ-инфекциясының жұқтыру қаупін төмендететін мінез-құлық ұстанымдары мен инфекцияға тексерілудің жолдары туралы ақпаратты тарату;
• АИТВ-инфекциясына тексерілу кезінде тестілеу алдында АИТВ-инфекциясы мен ЖИТС жөнінде психоәлеуметтік кеңес пен психолог, гинеколог пен дерматовенеролог дәрігерлердің кеңесін жүргізу;
• АИТВ-инфекциясына экспресс-тестілеу жүргізу. Үкіметтік емес ұйымдар жанынан ашылған сенім пункттері клиенттерді инфекцияға тексерілу үшін облыстық және республикалық маңызы бар қалалардағы ЖИТС орталықтарына жіберу;
• Қажет кезде тексерушілерді білікті және мамандандырылған көмек алу үшін медициналық ұйымдарға бағыттау;
• Тұрғындардың осал топтарына профилактикалық көмек көрсететін жергілікті медициналық ұйымдар мен үкіметтік емес ұйымдар жөнінде ақпаратты тарату жатады.
Сонымен бірге стационарлық сенім пункттерімен қатар АИТВ-инфекциясының таралуын алдын алу мақсатында жылжымалы сенім пунктері жұмыс жасайды. Олар санитарлық көлікте графикке сәйкес осал топтарға АИТВ-ның алдын алу шаралары және жұқтыру қаупін азайту туралы жеке кеңестер, АИТВ-ға тестіден өту маңыздылығы жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізеді. Тұрғындардың осал топтарын сенім пунктеріне жүгіндіру жұмыстарын жүргізу үшін эпидемиолог-дәрігерлермен бірлесіп аутрич-қызметкерлер қызмет атқарады. Көп жағдайларда аутрич-қызметкерлер бұрынғы осал топтардың өкілдері болып, қазірде ерікті түрде басқа осал топтың өкілдерін дұрыс мінез-құлық ұстанымдарына шақыратын адамдар.
Барлық сенім пункттері ақысыз негізде қызмет көрсетіп, еріктілік, құпиялық және анонимдік қағидаларын ұстанады. Осылайша, сенім пунктері АИТВ-инфекциясының халық арасында таралуы мен алдын алу жұмыстарын жүргізетін ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталықтарының маңызды құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Оразумбекова Б.К. — қалалық
ЖИТС орталығының алдын алу
бөлімінің дәрігер-эпидемиологі