Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының №2 сотының судьялары София Ахмерова мен Шынар Шайдиева қала әкімдігінің ұйымдастырумен өткен «Отбасындағы жанжалдар мен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырыбындағы дөңгелек үстелге қатысты.
Дөңгелек үстел жұмысына құқыққорғау органдары, білім беру саласының, АХАТ, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары орталығы, судьялар, адвокаттар, медицина қызметкерлері, психологтар, ҮЕҰ мен жастар қатысты.
Іс шара мақсаты – тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, оның құрбандарына әлеуметтік көмек пен құқықтық көмек көрсетудің тетіктерін арттыру, дәстүрлі және отбасылық құндылықтарды нығайту, жас ұрпақтың рухани-адамгершілік білімін арттыруға бағытталды.
Дөңгелек үстел барысында судья С.Ахмерова ҚР Жоғарғы Сотымен жүзеге асырып жатқан «Отбасылық сот» пилоттық жобасына тоқталып, отбасылық дауды сотқа дейінгі реттеуде кешенді іс шараларды атқарудың маңыздылығы, ажырасудан кейінгі балалар үшін қолайлы ортаны қалыптастырып қалу және бала үшін ата-ана арасындағы қарым-қатынас, сонымен қатар материалдық қолдау туралы баяндады.
Дөңгелек үстел ққорытындысы бойынша қатысушылар бұл бағыттағы жұмыстардың маңыздылығы мен қажеттілігі туралы ортақ тоқтамға келді.
О.Ташимова
Орал қаласының №2
сотының БАҚ қызметіне
жауапты маманы