ЧАТТАН ШЫҚҚАН ШАТАҚ
Бұрындары «отыз тістен шыққан сөз отыз рулы елге тарайды» дейтінбіз. Қазір осы мақалымыз «он саусақпен терілген сөз, он мың сан елге тарайды», «Чатқа жазған ашу сөзің, ащы таяқ жегізер», «Чаттағы шатақ сотқа жеткізер» деп аз-маз заманауиланған. Иә, чаттағы әңгіме шатақ шығарып, сотқа дейін сүйреп тұрғаны рас. Басқасын қайдам, қазір бір ғана Сайқын тұрғындарының арасында пәленбай чат бар. Әріптестердің, құрдастар мен балалары бір сыныпта оқитын ата-аналардың чаттарынан бастап, «Женская забота», «Сайхын шаруа», «Маркет-Сайхын», «Сайхын 24 сағат», «Сайқын-Орал» және тағы басқалай…