Сот төрелігінің сапасын арттыру – халықтың сеніміне ие болудың негізгі жолы
2 қыркүйек 2019 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаев халыққа «Сындарлы қоғамдық диалог — Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендуінің негізі» атты өзінің алғашқы Жолдауын жариялады. Аталған Жолдауда еліміздің одан әрі даму бағытының негізгі векторлары айқындалған болатын. Саяси, экономикалық және әлеуметтік сұрақтармен бірге азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету сұрақтарына да ерекше назар аударылған. Өз Жолдауында Президент сот шешімдерінің сапасын арттыруға, бірыңғай сот тәжірибесін орнықтыруды қамтамасыз етуге, азаматтар мен мемлекеттік органдар арасындағы дауларды шешудің ерекше тетігі ретінде әкімшілік әділет құрылымын енгізу және…