Қоғамның сот төрелігіне сенімін арттыру және құқық үстемдігі – реформалардың түйінді мақсаттары
Ағымдағы жылдың 2 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты өзінің бірінші Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Мемлекет Басшысының аталған Жолдауы, біздің еліміздің одан әрі даму бағытының негізгі векторларын айқындауына байланысты, стратегиялық маңызды құжат болып табылады. Әрине, Жолдауда саяси, экономикалық және әлеуметтік сұрақтармен бірге азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету сұрақтарына да ерекше назар аударылған. Сот және құқық қорғау жүйесіндегі күрделі реформалар – азаматтарымыздың құқықтарын қорғаудың және олардың қауіпсіздігін күшейтудің негізгі…