Халықтың АИТВ жұқпасы жайындағы түсінігі

ЖИТС (жұқтырылған иммун тапшылық синдромы) – ғасыр індеті, бұл сөзді баспасөз, интернет беттерінен, радио, көшедегі билборд, теледидардағы жарнама секілді, БАҚ-тың халыққа жариялау жолдарынан талай айтылып, жазылып жүр. Алайда, халыққа жүргізілген құпия сауалнама нәтижелеріне үңілсек, көбі АИТВ жұқпасының ЖИТС-тан айырмашылығы, АИТВ жұқпасының таралу жолдарынан хабарсыз. Бұл өз кезегінде АИТВ-ға шалдыққан жандардың қоғамда онсыз да өмір сүруіне қиындыққа соқтырады. Бұл дертке шалдыққандар көбінесе жұмысқа орналаса алмай, қоғам тарапынан кемістікке, психологиялық күйзеліске ұшырайды. Қазіргі таңда Нұр-Сұлтан қаласында 1917 адам АИТВ жұқпасына шалдыққан. Сонымен, АИТВ жұқпасы – адамның иммун тапшылық вирусы, адам ағзасын соншалықты әлсіретіп, иммундық жүйені төмендетіп, ағзаның түрлі жұқпаларға төтеп тұруға күшінен айырылытатын сырқат. Ал ЖИТС – АИТВ жұқпасының соңғы кезеңі, иммундық жүйені қатты зақымдап, қосымша (оппортунистік) аурулармен сипатталатын, патологиялық белгілері бар синдром. Қазіргі таңда медицина дәлелдеуі бойынша АИТВ жұқпасы қорғалмаған жыныстық қатынас, қан (инъекциялық есірткі тұтыну) және анасынан баласына (жүктілік, емізу кезінде) негізгі 3 жұғу жолдарынан тұрады. Яғни, адамдардың бір-бірімен тұрмыстық қатынас арқылы ауа, су, бассейнде, душта, қол алысқанда, АИТВ-жұқтырылған адаммен ыдыс аяқты, киімді және басқаларын ортақ қолданған жағдайда, сүйіскенде, құшақтасқанда, жәндіктер тістегенде бір адамнан екінші адамға жұқпайды. Статистикаға үңілсек, келесі сұрақ туындайды: АИТВ жұқпасына шалдыққандар саны жылдан жылға неге өседі? Біріншіден, бұқараны ақпараттандыру жолдарының алуан түрлілігіне және жақсы дамығанына қарамастан, халықтың АИТВ жұқпасына байланысты кейбір аспектілерінен хабарсыз болуында, екіншіден, АИТВ жұқпасына шалдыққан адамдардың АИТВ жұқпасының симптомдарының бірден көзге көрінбеуіне байланысты, АИТВ жұқпасына шалдыққан адамдардың өздерінің ағзасында жұқпаның бар болуының білместігінде. Ал бұл өз кезегінде бірінші мәселені туындайды, бұл халықтың ауру жөніндегі білместігі. Дендеріңіздің саулығы – өздеріңіздің қолдарыңызда. Сондықтан жоғарыда жазылған анықтама, статистикаға және АИТВ-жұқпасының қандай жолдармен берілетіні мен берілмейтін біліп, АИТВ жұқпасына шалдыққан жандарға түсіністікпен қарау қажет. Қорыта келе, осы жұқпаның таралу жолдарының алдын алудағы басты бағыттарына қауіпсіз мінез-құлық, жүріс-тұрыс, есірткі, кездейсоқ жыныстық қатынастан аулақ жүріп, өз басының денсаулығын ойлап, салауатты өмір сүру салтын қалыптастыруын негіздеуі керек! Егер сіз АИТВ жұқпасының жұқтыру қаупіне тап болсаңыз, ЖИТС орталығында АИТВ жұқпасына тегін, құпия түрде тексерілу сараптамасынан өтіп, білікті мамандардан кеңес алуыңызға болады. Біздің мекен-жайымыз Нұр-Сұлтан қ. Есенберлин к-сі, 5/1. Сенім телефондары: +7(7172) 38-07-02, +7(7172) 38-04-64. www.astana-aids.kz

Мухамедиев А.
Алдын алу бөлім меңгерушісі