Өздеріңізге белгілі, Мемлекет басшысы Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алуға баса назар аудара отырып, Агенттік жұмысындағы басымдықтарды қайта қарауды тапсырды.
Төтенше жағдай енгізілген сәттен бастап барлық жұмыс онлайн режиміне көшті.
Сервистік орталықтың жұмысы және департамент басшылығымен азаматтарды қабылдау Facebook, Instagram әлеуметтік желілері арқылы және «Астана – адалдық алаңы» жобасының 8 775 160 5532 WhatsApp нөмірі арқылы жүзеге асырылуда.
Сондай-ақ, кеңсеге 8 (7172) 72 66 42, 72 66 44 телефондары арқылы хабарласуға болады немесе astana@nab.gov.kz электронды поштасына өтініш жолдауға мүмкіндік бар.
1424 Call-орталығы тәулік бойы жұмыс істейді. Азаматтар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кеңес алып, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары туралы хабарлай алады.
Аптай сайын департамент басшылығымен әлеуметтік желілерде интернет-конференция жүргізілуде.
Осы аптада «Астана-адалдық алаңы» жобасының аясында департаменттің қызмет көрсету орталығында Білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырованың қатысуымен оқушылардың және колледж студенттерінің қашықтықтан оқытуға дайындығы және сыбайлас жемқорлық қатерлерін жою сонымен қатар, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Арайлым Тәңірбергеннің қатысуымен әлеуметтік төлемдер мәселелері бойынша онлайн брифинг өтті.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасы бойынша«Волонтер жылы» аясында «ANTIKOR ORTALYGY»-да әр сенбі сайын сағат 10-00-ден 13-00-ге дейін «Адал көмек» акциясы өткізілуде. Акцияның мақсаты — құқықтық сауаттылықты арттыру.
Акцияға кеңесшілер ретінде тәуелсіз заңгерлер, адвокаттар және мемлекеттік органдардың өкілдері қатысуда. Департамент жанындағы арнайы мониторинг тобының заңгерлері Марат Сатарқұлов, Светлана Арыстамбаева, «Астана-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің менеджерлері Шавкат Исмаилов, Болат Бегимов, Амир Сүлейменов, Мадина Ажикенова азаматтарға өз еріктерімен кеңес беруде.
Бүгінгі таңда «Адал көмек» акциясына 40-тан астам азамат қатысты.
Сондай-ақ, апта сайын ақпараттық-насихаттау штабының жетекгісі, белгілі қоғам қайраткері Сәдібек Түгел, штаб мүшелері Ербол Іргебай, Ернар Жұматаев, Қарлығаш Ерғазықызы, Еркебұлан Нұғманов қоғаммен сындарлы диалог құру және адалдық қағидаттарын қалыптастыру мақсатында Facebook арқылы тікелей эфирлер жүргізуде.
Елордалық университеттердің оқытушылары сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама туралы онлайн-дәрістер өткізе бастады.
«Волонтер жылы» аясында наурыз айында әлеуметтік желілерде тікелей эфир арқылы #adaldyqJolymen Республикалық челенджі басталды.
Челенджге ақпараттық үгіт-насихат штабының жетекгісі және мүшелері, «Астана-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің менеджерлері, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ «Әдеп» жобалық кеңсесінің еріктілері, университеттер мен колледждердің студенттері, мектеп оқушылары, мәдениет қызметкерлері қатысты.
Барлық бейнероликтер Instagram және Facebook әлеуметтік желілеріндегі парақшаларға орналастырылып қазірдің өзінде 10 мыңнан астам көрермен жинады.
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Департаменті басшысының бірінші орынбасары Жылқышиева Ж.