«ӘДЕП» АДАЛДЫҚ АЛАҢЫНДА

«Әдептілік ар ұят, Адамдықтың белгісі» деп айтқандай әдепті болу деген сөздің мағынасы өте кең.

«Әдеп»қоғамдағы адамдардың мінез-құлқына қойылатын этикалық талаптар. Олай дейтініміз, адамның сөйлеу мәнері, іс-қимылы, жүріс-тұрысы, өзін ұстай білуі оның мәдениетті, әдепті екендігін байқатып отырады. Адамның бойынан әдептілік қасиет көрініп түрса, ол парасатты, адамгершілігі мол екендігін көрсетеді.

            Ұлт көшбасшысы және партия төрағасы Н.Ә.Назарбаев 2019 жыл         21 тамызда өткен «Нұр Отан» партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында жоғары білім саласында жемқорлықты болдырмау туралы нақты тапсырма берген болатын.

Осы бағытта өткен жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің «Адалдық алаңы» жобасы аясында «Әдеп» жобалық кеңсесі ашылды.

Салтанатты шараға «Нұр Отан» партиясы, Білім және ғылым министрлігі, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі өкілдері мен басқа да ұйым-мекемелердің жетекші тұлғалары қатысты.

            Алдыңғы кезекте «Әдеп» жобалық  кеңсесінің Ережесі бекітілді, құрамы анықталды. Құрамына барлық факультеттің студенттермен жұмыс жөніндегі декан орынбасарлары мен белсенді ерікті студенттер, сонымен қатар 7 (жеті) студенттер үйлерінің педагог-ұйымдастырушылары мен студенттер кеңесінің еріктілері кірді.

         Университетіміздегі барлық 13 факультетке «Әдеп» жобалық  кеңсесінің ақпараттық  тақталары ілінді. Сонымен қатар «Әдеп» электронды поштасы мен әлеуметтік желіде (инстаграм, фейсбукте) парақшалар ашылды. 

         «Әдеп» жобалық  кеңсесі жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша атқарылған шараларды хабардар ету үшін ЕҰУ веб-сайты кеңінен қолданылады, сенім телефоны (+7 (7172)      25-34-41), хаттар мен шағымдарға пошта жәшіктері қолданылады.

Университетімізде «Студенттерге қызмет көрсету орталығы» 2017 жылдан бастап қызмет көрсетіп келеді. Орталық студенттерге үйлерінде отырып онлайн тапсырыс беру арқылы қажетті құжаттарды дер кезінде алуларына мүмкіндік береді. Бұл да өз кезегінде адами қатынасты барынша шектеу арқылы, келеңсіздіктерді жою болып табылады.   Әрбір білім алушы университет сайты http://www.enu.kz/ru/uslugi-tsentra-obsluzhivaniya-obuchayushchikhsya/ арқылы немесе АИС «Платонус» арқылы өздерінің логин және құпия сөзі арқылы тапсырыс бере алады.

Көрсетілетін қызмет түрлері: транскрипт беру, мүгедектік бойынша, асыраушысынан айырылған, жасы бойынша мемлекеттік жәрдемақы тағайындауға байланысты  анықтама, әлеуметтік жәрдемақы, әлеуметтік сақтандыру, виза рәсімдейтін анықтама, елшіліктерге анықтама және т.б. 

Сонымен қатар университетте Ар және тәртіп Кодексі (12.10.2017ж) және Іскерлік этика Кодексі (26.01.2018 ж) қабылданды. Білім алушылармен кездесу барысында кодекстің негізгі ережелерімен таныстырылды.

Қысқы, жазғы емтихан кезінде университетте «Таза сессия» сауалнамасы  өткізіліп тұрады. Сауалнаманың басты мақсаты университеттің білім сапасы мен қызметінің ашықтығын анықтау болып табылады. Сауалнама нәтижесі университеттің электронды құжат айналымы жүйесіне енгізу арқылы факультеттерге, кафедралар мен құрылым бөлімшелеріне жіберіледі.

          Білім алушыларды жатақханаға орналастыру барысында да электронды жүйеге ауысу студент пен қабылдаушы адам арасында байланысты болдырмауға және әр түрлі түсініксіз жайттардың алдын-алуға себепші деп айтуға болады.       

          Талапкерлерден студенттер үйлеріне орналасуға қажетті құжаттарды қабылдау, қабылдау комиссиясымен бірлесе отырып жүзеге асырылды. Яғни, қабылдау комиссиясы барлық өтініштерді және құжаттарды электронды түрде қабылдайды. Студенттерден қабылданған барлық өтініштер университет кеңсесі арқылы тіркеліп, мөр басылып кіріс нөмері қойылып, стандартқа сйкес қабылданады және жолдама беру үшін студенттер үйлері қабылдау комиссиясына беріліп отырады.

        Талапкер қабылдау комиссиясына келген кезде, олар өздерінің   логині арқылы компьютерге кіріп, АИС «Платонус» бағдарламасы арқылы жатақхана қажет немесе қажет еместігі туралы белгі қою арқылы тіркеледі.

       Қазіргі уақытта студенттер үйлеріне орналасу, студенттер үйлерінен шығу бұйрықтары электронды түрде  АИС «Платонус» бағдарламасы арқылы жүзеге асырылуда.    

           Сонымен қатар, студенттер үйлері туралы барлық мәлімет электронды форматқа  ендіріліп,  АИС «Платонус» бағдарламасына кіргізілді.

           «Әдеп» жобалықкеңсесі аясында университетімізде call-орталық ашылды. Бұл орталық өз кезегінде білім алушылардан жемқорлықтың алдын алу мәселесіне қатысты ұсыныс-тілектерін қабылдай отырып, дер кезінде шара қолданады.

         «Әдеп» жобалықкеңсесі ашылған сәттен бастап барлық факультеттердің академиялық топтарында ай сайын «Адалдық сағаты» жоспарлы түрде өткізіліп келеді. 

          Жалпы алғанда «Әдеп» жобалықкеңсесінің аясында заң факультетінің жанынан «Әділет» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы  жастардың аймақтық HUB-ы ашылды. Оның құрамына қазақстандық оқу орындарымен қатар жақын маңдағы шетел студенттері кіреді. Олар бірігіп семинарлар, дебаттар, кездесулер өткізіп тұрады. «Әдеп» жобалықкеңсесі университет студенттерінің сыбайлас жемқорлыққа деген мәдениетін қалыптастыруда өз үлесін тигізіп жатыр деп айтуға толық негіз бар. Қазіргі таңда әр факультетте «Әдеп» жобалықкеңсесінің ерікті студенттері жұмыс атқаруда. Олар  «Таза сессия» акциясын өткізіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы плакаттар салып өз факультеттерінде жұмыстар жүргізуде. Сондай-ақ, желтоқсан айында университетте «Әдеп» жобалықкеңсесінің ұйымдастыруымен Халықаралық сыбайлас жемқорлық күніне орай 10 күндік (декада) ұйымдастырылды. Декада аясында әр факультеттің «Әдеп» еріктілері сыбайлас жемқорлыққа қарсы челлендж ұйымдастырып бір-бірлеріне жолдады.

         Осы аталғандардың барлығы студент жастардың сыбайлас жемқорлыққа деген көзқарасын, санасын өзгертуіне өз септігін тигізеді деп айтуымызға болады. 

                 ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Департаменті жанындағы ақпараттық үгіт-насихат штабының мүшесі болып табыламын. Штаб мүшесі ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар ұйымдастырып, штаб мүшелерімен қалалық мемлекеттік мекемелерде, медицина саласы, жоғары және орта оқу орындарының білім алушыларымен кездесулер ұйымдастырылып ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп келеді, сонымен қатар «ANTIKOR ORTALYGY» ғимаратында журналистермен брифингке, фейсбук әлеуметтік желіліріне тікелей эфирге шығып ақпараттық үгіт-насихат штабының жұмысы туралы есептер беріліп келеді.

Адалдық алаңы – өміріміз бен қызметіміздің қалыпты, табиғи үдерісіне айналуы керек. Бұл жобалық кеңсе университеттегі жемқорлыққа қарсы жұмыс жоспарының негізгі бағыттарын айқындап, жүзеге асыруға күш жұмылдыратын болады деп сенім білдіремін.

 Нұғыманов Е. 

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Департаменті жанындағы ақпараттық үгіт-насихат штабының мүшесі, «Әдеп» жоба кеңсесінің жетекшісі, заң ғылымдарының кандидаты, доцент