Бюджетке төленетін міндетті төлемнің, қате төленген салық сомасын қайтару

Салық сомасының қате немесе қажетсіз төлемдерді төлеген салық төлеушілер, келесі көрсетілген жағдайлармен реттеледі:

  • қате /артық төленген, бюджетке төленетін, айыппұл төлемдерін ҚР ҚМ бұйрығымен бекітілген, белгілі үлгідегі Салықтық арыз бойынша (қосымша №15), қайтарылады. Арызды қолма қол тасымалдау (кеңсе арқылы) немесе салық төлеушінің кабинеті арқылы электронды түрде жіберуге болады.
  • Салықтық емес түсімдер бойынша қате /артық төленген сомаларды қайтару, бюджет кірістеріне жауапты уәкілетті органның қорытындысы бойынша жүзеге асырылады. Салықтық емес түсімдерді қайтаруға байланысты арыз берген жағдайда, бюджет кірісіне өндірілген жауапты уәкілетті органның қорытындысы қажет.
  • Қате не қажетсіз төленген салық сомасын, бюджетке төленетін, айыппұл төлемдерін, салық төлеушінің салық өтінішін берген мерзімінен бастап 10 жұмыс күн ішінде қайтарылады.
  • Қате не қажетсіз төленген (өндірілген) салық сомасын , бюджетке төленетін, айыппұл төлемдерін қайтарылуы, егер де бюджет алдында қарызы болмаған жағдайда, салық өтініші негізінде, салық төлеушінің банктік есеп шотына аудару арқылы жүзеге асырылады.

Нұр- Сұлтан қ.
Алматы ауданы
бойынша
Мемлекеттік кірістер
басқармасының есепке
алу және талдау болімі