Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының жүйесі мыналарды қамтиды: сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг; сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау; сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заң сараптамасын жүргізу кезінде сыбайлас жемқорлық нормаларын анықтау; сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды қалыптастыру және сақтау; қаржылық бақылау; сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер; мүдделер қақтығысын болғызбау және шешу; кәсіпкерлік саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары; сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды; сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Ұлттық баяндаманы қалыптастыру және жариялау.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг – сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың тиімділігіне, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы құқық қолдану тәжірибесінің жай-күйіне, сондай-ақ қоғамның сыбайлас жемқорлық деңгейін қабылдауы мен бағалауға қатысты ақпаратты жинау, өңдеу, қорыту, талдау және бағалау бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің қызметі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің мақсаты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы құқық қолдану практикасын бағалау болып табылады.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау – сыртқы және ішкі) — сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және зерделеу.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру – қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту бойынша өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілері жүзеге асыратын қызмет.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру білім беру, ақпараттық және ұйымдастырушылық сипаттағы шаралар кешені арқылы жүзеге асырылады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар – Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған қоғамдық қатынастардың оқшауланған саласы үшін белгіленген ұсынымдар жүйесі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды мемлекеттік органдар, ұйымдар және квазимемлекеттік сектор субъектілері жұртшылықтың қатысуымен әзірлейді және заңнаманы әзірлеу кезінде және құқық қолдану практикасында ескеріледі.
Қаржылық бақылау шараларын жүзеге асыру мақсатында осы бапта айқындалған тұлғалар жеке тұлғалардың мынадай декларацияларын: активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны; кірістер мен мүлік туралы декларацияны табыс етеді.
Жауапты мемлекеттік лауазым атқаратын адамдардың, мемлекеттік міндеттерді атқаруға уәкілеттік берілген адамдардың, оларға теңестірілген адамдардың (Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің немесе мәслихаттардың депутаттығына, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдеріне, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару сайланбалы органдарының мүшелігіне кандидаттарды қоспағанда), лауазымды адамдардың, сондай-ақ аталған функцияларды орындауға, осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің, өз өкілеттіктерін жеке, топтық және өзге де қызметтік емес мүдделерге пайдалануға әкеп соғуы мүмкін болса, аталған адамдар ерекшеліктерін ескере отырып, өзіне: мемлекеттік функцияларды орындаумен сыйыспайтын қызметті жүзеге асыру; жақын туыстарының, ерлі-зайыптылардың және жекжаттардың бірлескен қызметіне (жұмысына) жол бермеу; мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен артықшылықтарды алу немесе алу мақсатында ресми таратуға жатпайтын қызметтік және өзге де ақпаратты пайдалану бойынша сыбайлас жемқорлыққа; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметтік өкілеттігін орындауға байланысты сыйлықтар қабылдауға құқылы.
Жауапты мемлекеттік лауазым атқаратын адамдарға, мемлекеттік міндеттерді атқаруға уәкілеттік берілген адамдарға, мемлекеттік міндеттерді атқаруға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдарға, егер мүдделер қақтығысы бар болса, лауазымды адамдарға лауазымдық міндеттерді жүзеге асыруға тыйым салынады.
Кәсіпкерлік субъектілері өз қызметін жүзеге асыру кезінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оның ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды барынша азайту жөнінде: шешімдер қабылдау рәсімдерінің есептілігін, бақылануын және ашықтығын қамтамасыз ететін ұйымдық-құқықтық тетіктерді белгілеу; адал бәсекелестік қағидаттарын сақтау; мүдделер қақтығысын болдырмау; іскерлік этика нормаларын қабылдау және сақтау; сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөнінде шаралар қабылдау; Сыбайлас жемқорлыққа қарсы; сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау.
Нұр-Султан қаласы бойынша
МКД-нің Есіл ауданы бойынша
Мемлекеттік кірістер басқармасының
Заң бөлімі