Қазіргі кездегі өзекті мәселелердің бірі зорлау. Бүгінгі таңда зорлау фактісі бойынша қылмыстық істер өте көп. Оның ең көп таралған түрі жасөспірімдерге қарсы зорлау. Бүгінде жасөспірімдерге қорқыту мен қоса зорлау кеңінен таралған. Таныс емес адамдармен бірге туысқандардың өзідеріде осындай іс әрекетке барады. Жасөспірімдердің деңсаулығына зиян келтірумен қоса психилогиялық ауытқуларға әкеліп соғады. Кейбір жасөспірімдер бұндай іс әректтің болғаның жасыруда оған себеп олардың қорқынышы немесе біздегі ұят деген термин. Кей жағдайда кәмелетке жасы толмаған баланың ата-анасы өз бүлдіршіндеріне қатысты жыныстық қолсұғушылықтың бұзылу дерегін жасыру үшін тергеп-тексеру амалдарын жүргізуден бастартады. Олар бұл әрекеті баланың моральдық жағдайын ойлау деп түсінгенімен, екінші жағынан қылмыскер үшін тиімді екенін де естен шығаруға болмайды. 19 жыл бұрын Қазақстанда Қылмыстық кодекске өзгеріс енгізілді — адам зорлау ауыр қылмыс тобынан орташа ауыр қылмыс түріне ауысты.
Зорлау деген сөздің өзіне келсек — әйелдің жыныстық еркіндігі мен жыныстық дербестігіне қол сұғудың ең ауыр түрлерінің бірі. Қылмыстық заң бойынша зорлау дегеніміз – жәбірленушіге немесе басқа адамдарға күш қолданып немесе күш қолданбақшы болып психикалық қысым жасап (қорқытып) не жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып ер адамның әйелмен кәдімгі түрде жыныстық қатынасқа баруы.
Зорлаудың объектісі әйелдің жыныстық бостандығы болып табылады. Ал, кәмелетке толмаған және өте жас қыз баланы зорлау кезіндегі жыныстық дербес құқылық ең жоғары. Мұндай қылмыс жасалған жағдайда оның жәбірленушісі тек қана әйел болуы мүмкін.
Зорлаудың объективтік жағы заңда жәбірлеушіге немесе басқа адамдарға күш қолданып немесе оны қолданбақшы болып қорқытып, не жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып жыныстық қатынас жасау деп көрсетілген. Осыған орай, зорлаудың міндетті белгісі жыныстық қатынас, яғни еркек пен әйелдің табиғи жанасуы болып табылады.
Зорлаудың субъективтік жағы тек қана тура ниетпен сипатталады. Кінәлі өзінің күш қолданып, қорқытып немесе жәбірленушісінің дәрменсіз күйін пайдаланып жыныстық қатынастың қалай екенін ұғынып біледі, және соны қалайды.
Зорлаудың субъектісі жасы 14-ке толған, еркек жынысты адам болуы мүмкін.
Зорлық – бір адамның екінші бір адамға оның жеке басына тиіспеушілік құқығын бұзатын тәни және психикалық ықпал жасауы.
Зорлаудан немесе нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану әрекеттерінен бас тартуға дейін жасалған қоғамға қауіпті әрекеттер (ұрып-соғу, денсаулыққа зиян келтіру, киімді жұлып оны жарамсыз ету және өзге де ұқсас әрекеттер), келтірілген зардаптарға және басқа да жағдайларға байланысты денсаулыққа қасақана зиян келтіру, мүлікті қасақана бұзу немесе жою және басқалары үшін жауаптылықты көздейтін ҚК-нің баптары бойынша сараланады.
Ол тән азабын шектірген зорлық және жан азабын шектірген зорлық болып бөлінеді. Тән азабын шектірген зорлық – адамның ағзасына тікелей әсер ету; ұрып-соғу, денесіне зақым келтіру, түрлі тәсілдермен азаптап-қинау, т.б. Тән азабын шектірген зорлықтың салдарынан жәбірленушінің денсаулығына зиян келтірілуі мүмкін. Жан азабын шектірген зорлық – жәбірленушінің қарсылық көрсетуіне, өз құқықтары мен мүдделерін қорғауына деген ерік-жігерін жасыту үшін қорқыту, өлтіремін деп қоқан-лоққы жасау жолымен адамның психикасына әсер ету. Жан азабын шектірген зорлық жүйке ауруына немесе, тіпті, жан ауруына ұшыратуы мүмкін. Зорлық мән-жайға (қылмыс айрықша қатыгездікпен немесе жәбірленушіні қорлап азаптаумен жасалғанда), қылмыстың жасалу тәсіліне (мысалы, кісі өлтіру, әуе кемесін айдап әкету) не қылмыс құрамын айқындаушы белгіге (мысалы, зорлау кезінде) қарай жауаптылықты ауырлатуы мүмкін. Зорлықпен жасалған қылмыстар қоғамдық қауіпті сипатта болады. Аса қатыгездікпен, қорлаумен, жәбірленушіні қинап, азаптаумен, зорлаумен жасалған қылмыстар, сондай-ақ, адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті әдіс қолданып жасалған қылмыстар
Зорлау, яғни жәбірленушіге немесе басқа адамдарға күш қолданып немесе оны қолдану қатерін төндіріп не жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып жыныстық қатынас жасау – үш жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Қылмыстық құқықтың 120 бабына сәйкес
Зорлауды:
• Адамдар тобы, алдын ала сөз байласкан адамдар тобы немесе ұйымдасқан топ жасаса;
• Өлтіремін деп қорқытумен ұштасып, сондай-ақ жәбірленушіге немесе басқа адамдарға қатысты аса қатыгездікпен жасалса;
• Жәбірленушінің соз ауруын жұқтырып алуына әкеп соқса;
• Бірнеше рет немесе бұрын нәпсі құмарлық сипаттағы зорлау әрекеттерін жасаған адам жасаса;
• Көрінеу кәмелетке толмағанға жасаса, — бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Зорлау:
• Абайсызда жәбірленушінің өлуіне әкеп соқтырса;
• Абайсызда жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтіруге, оның ВИЧ/ЖҚТБ-ны жұқтырып алуына немесе өзге ауыр зардаптарға әкеп соқса;
• Жәбірленушінің он төрт жасқа толмағанын көрінеу біле тұрып;
• Қоғамдык зілзала жағдайларын пайдаланған немесе жаппай тәртіпсіздік барысында жасалса, — сегіз жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Жасөспірімдерге қарсы жасалған бұндай қылмысқа келетін болсақ жазалардың түрі өте ауыр болады. Бүгінде оларға химиялық кастрация жұмыстарын жүзеге асуда. Химиялық кастрациялауға келетін болсақ – дәрі¬-дәрмектер арқылы ер адамдардың тестостерон гормонының шығуын тоқтату, құмарлығын басу. Алайда оның әсері қайтарымсыз емес, дәрілерді қабылдау тоқталса, еркектің күші қайта қалпына келеді. Мамандардың айтуынша, дәрілер уколы негізі үш айда бір рет жасалуы тиіс. Химиялық кастрацияны қолдану үшін берілетін дәрілердің жағымсыз салдары бар: адам есте сақтау қабілетінің төмендеуі, депрессия, дененің әлсізденуі, инфаркт пен инсульттен өліп кету қаупінің жоғарылауы, қант диабеті, бүйрекке тас байлануы сынды дерттерге душар болады. Онымен қоса, дәрілердің кері әсері де аз емес.
Шет мемлекеттерінің тәжірибесіне көз жүгіртсек, кейбір елдерде қылмыскерлерге химиялық кастрацияға ерікті түрде келісу үшін арнайы жағдайлар жасаған екен. Мәселен, Франция елінде арнайы мекемелер бар: онда қылмыскер алдында екі жол – дәрілерді қабылдауға келісу немесе клиникада өмір бақи қалу. Ал Бельгияда бұл дәрілер медициналық сақтандыруға енген. Ұлыбританияның Ішкі істер министрлігінің зерттеулеріне сәйкес химиялық кастрацияны жаза ретінде қолданатын елдерде балаларға қарсы қылмыс 50%-¬ға төмендеген.
Қорытындылай келсек кәзіргі таңда химиялық кастрация біздің елде тек бір рет қолданған деуге болады. Біздің еліміздің Конституциясына сәйкес адамның өмірі және оның өмірі, денсаулығы, құқығы бірінші орында болған соң. Бұл іс әрекет дұрыс емес екенің білеміз бірақ бірнеше рет жасалған қылмысқа бұндай жаза қолданылғаны дұрыс деп есептеймін. Себебі қай жағынан қарасанда адам және оның өмірі, денсаулығы, құқықтары тұр. Бір адам бірнеше адамның өмірін бұзып тағы бірнеше адамның өмірінің бұза алады. Оны алдын алу үшін осындай іс әрекеттер қолдану керек. Қаншама адамның өмірін, денсаулығын сақтап қалуға болады. Адам зорлау орташа ауыр қылмыс тобынан ауыр ауыр қылмыс түріне ауыстыру қажет деп санаймын. Жазалау шараларын өзгерту қажет деген ойдамын.
Д. Адамбеков
Нұр-Сұлтан қаласы
Байқоңыр ауданының №2
сотының жетекші маманы