- Филиал, өкілдік ашпай, қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлға осы Кодекстің 220-бабының ережелерін ескере отырып, салық төлеуші ретінде тіркелу үшін қызметін Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыра бастаған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде тұрақты мекеменің орналасқан жеріндегі салық органына мынадай:
1) құрылтай құжаттарының;
2) мемлекеттік тіркеу нөмірін (немесе оның аналогын) көрсете отырып, бейрезиденттің инкорпорация еліндегі мемлекеттік тіркелуін растайтын;
3) осындай құжат болған кезде салықтық тіркеу нөмірін (немесе оның аналогын) көрсете отырып, бейрезиденттің инкорпорация еліндегі салықтық тіркелуін растайтын құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін қоса бере отырып, тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішті беруге міндетті. - Тиімді басқару орны (нақты басқару органының орналасқан жері) Қазақстан Республикасында болатын, шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлға Қазақстан Республикасын тиімді басқару орны (нақты басқару органының орналасқан жері) деп тану туралы шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде орналасқан жеріндегі салық органына мынадай:
1) құрылтай құжаттарының;
2) мемлекеттік тіркеу нөмірін (немесе оның аналогын) көрсете отырып, бейрезиденттің инкорпорация еліндегі мемлекеттік тіркелуін растайтын;
3) осындай құжат болған кезде салықтық тіркеу нөмірін (немесе оның аналогын) көрсете отырып, бейрезиденттің ол болған кезде инкорпорация елiндегi немесе резиденттік еліндегі салықтық тіркелуін растайтын құжаттардың;
4) директорлар кеңесі жиналысының немесе осыған ұқсас басқару органының хаттамасының нотариат куәландырған көшірмелерін қоса бере отырып, салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішті беруге міндетті. - Тиімді басқару орны (нақты басқару органының орналасқан жері) Қазақстан Республикасында болатын, шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлға орналасқан жері бойынша есепке қою туралы салықтық өтінішті ұсынған және оның Қазақстан Республикасында филиал (өкілдік) ашпай, тұрақты мекемесі бар болған жағдайда, мұндай тұрақты мекеме осы Кодекстің 63-бабында айқындалған тәртіппен осы заңды тұлғаға өзінің құқықтары мен міндеттерін беруге міндетті.
Заңды тұлға тиімді басқару орнын (нақты басқару органының орналасқан жерін) Қазақстан Республикасына көшіру туралы шешім қабылдаған және оның Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме ретінде тіркелген филиалы (өкілдігі) бар болған жағдайда, мұндай филиалдың (өкілдіктің) тіркеу деректері осы Кодекстің 77-бабында айқындалған тәртіппен өзгертілуге жатады. - Осы Кодекстің 650-бабының 8-тармағына сәйкес салық агенті болып табылатын немесе осы Кодекстің 650-бабының 11-тармағына сәйкес табыс салығын есептейтін, Қазақстан Республикасында мүлікті сатып алатын (өткізетін) бейрезидент мүлік сатып алғанға (өткізгенге) дейін салық төлеуші ретінде тіркелу үшін мүліктің орналасқан жеріндегі салық органына мынадай:
1) бейрезидент-жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың немесе бейрезидент-заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының;
2) бейрезидент-заңды тұлға үшін мемлекеттік тіркеу нөмірін (немесе оның аналогын) көрсете отырып, бейрезиденттің инкорпорация еліндегі мемлекеттік тіркелуін растайтын;
3) осындай құжат болған кезде салықтық тіркеу нөмірін (немесе оның аналогын) көрсете отырып, бейрезиденттің инкорпорация (азаматтық) еліндегі салықтық тіркелуін растайтын құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін қоса бере отырып, тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішті ұсынуға міндетті. - Қызметі осы Кодекстің 220-бабының 1 және 3-тармақтарына сәйкес бейрезиденттің тұрақты мекемесі ретінде қаралатын сақтандыру ұйымы (сақтандыру брокері) немесе тәуелді агент, осындай бейрезидентті салық төлеуші ретінде тіркеу үшін осы Кодекстің 220-бабының 10-тармағына сәйкес айқындалған, қызметті жүзеге асыру басталған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде орналасқан (тұрғылықты, болатын) жеріндегі салық органына мынадай:
1) бейрезиденттің атынан кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға, келісімшарттарға қол қоюға өкілеттіктер беруге немесе өзге мақсаттарға арналған шарттың (келісімнің, келісімшарттың немесе өзге де құжаттың) бар болған жағдайда;
2) бейрезидент-жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың немесе өзі тұрақты мекемесі болып табылатын бейрезидент-заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының;
3) бейрезидент-заңды тұлға үшін мемлекеттік тіркеу нөмірін (немесе оның аналогын) көрсете отырып, өзі тұрақты мекемесі болып табылатын бейрезиденттiң инкорпорация еліндегі мемлекеттік тіркелуін растайтын құжаттың;
4) бейрезидентте болған кезінде салықтық тіркеу нөмірін (немесе оның аналогын) көрсете отырып, өзі тұрақты мекемесі болып табылатын бейрезиденттің инкорпорация (азаматтық) еліндегі салықтық тіркелуін растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшірмелерін қоса бере отырып, тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішті ұсынуға міндетті. - Қызметі тұрақты мекеме құруға алып келетін резидентпен жасасылған бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушы – бейрезидент салық төлеуші ретінде тіркелу үшін осы Кодекстің 220-бабының 10-тармағына сәйкес айқындалған, қызметті жүзеге асыру басталған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушы – резиденттің орналасқан (тұрғылықты, болатын) жеріндегі салық органына мынадай:
1) бірлескен қызмет туралы шарттың;
2) бейрезидент-жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың немесе бейрезидент-заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының;
3) мемлекеттік тіркеу нөмірін (немесе оның аналогын) көрсете отырып, бейрезиденттің инкорпорация еліндегі мемлекеттік тіркелуін растайтын құжаттың;
4) ол болған кезде салықтық тіркеу нөмірін (немесе оның аналогын) көрсете отырып, бейрезиденттің инкорпорация еліндегі салықтық тіркелуін растайтын құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін қоса бере отырып, тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішті ұсынуға міндетті. - Резидент-банктерде ағымдағы шоттар ашатын бейрезидент шот ашқанға дейін салық төлеуші ретінде тіркелуге міндетті. Салық төлеуші ретінде тіркелу үшін осындай бейрезидент банктің орналасқан жеріндегі салық органына осы баптың 2-тармағында белгіленген құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін қоса бере отырып, тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішті ұсынады.
- Осы Кодекстің ережелеріне сәйкес төлем көзінен салық салуға жатпайтын, Қазақстан Республикасындағы көздерден кірістер алатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар осы Кодекстің 220-бабының 10-тармағына сәйкес айқындалған, қызметті жүзеге асыру басталған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде болатын (тұрғылықты) жеріндегі салық органына мынадай:
1) шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын;
2) осындай құжат болған кезде салықтық тіркеу нөмірін (немесе оның аналогын) көрсете отырып, азаматтық (резиденттік) еліндегі салықтық тіркелуін растайтын;
3) осындай құжат болған кезде Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған кірістің сомасын растайтын құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін қоса бере отырып, тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішті ұсынуға міндетті. - Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, бейрезидент-жеке тұлға осы Кодекстің 217-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының резиденті деп танылған күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде салық төлеуші ретінде тіркелуге міндетті.
- Қазақстан Республикасында мүлік, көлік құралдары салықтары немесе жер салығы салынатын объектi болып табылатын мүлікті сатып алатын шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар салық төлеуші ретінде тіркелу үшін осындай мүліктің орналасқан жеріндегі салық органына мынадай:
1) шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын;
2) осындай құжат болған кезде салықтық тіркеу нөмірін (немесе оның аналогын) көрсете отырып, азаматтық (резиденттік) еліндегі салықтық тіркелуін растайтын құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін қоса бере отырып, тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішті ұсынуға міндетті. - Резидент-заңды тұлғалардың, Қазақстан Республикасында қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттердің бірінші басшылары болып табылатын шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар салық төлеуші ретінде тіркелу үшін болатын (тұрғылықты) жеріндегі салық органына мынадай:
1) шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын;
2) осындай құжат болған кезде салықтық тіркеу нөмірін (немесе оның аналогын) көрсете отырып, азаматтық (резиденттік) еліндегі салықтық тіркелуін растайтын құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін қоса бере отырып, тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішті ұсынуға міндетті. - Осы Кодекстің 75-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында аталған бейрезидент Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану саласындағы құзыреті шегінде мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың осы Кодекстің 650-бабы 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген акцияларды, қатысу үлестерін бейрезиденттің сатып алуы туралы мәліметтері немесе осы баптың 4-тармағында белгiленген құжаттардың нотариат куәландырған көшiрмелерiн қоса бере отырып, осындай бейрезидент ұсынған тiркеу есебiне қою туралы салықтық өтiнiш негізінде салық төлеуші ретінде тіркелуге жатады.
- Осы Кодекстің 75-бабы 2-тармағының 5) тармақшасында аталған бейрезидент салық төлеуші ретінде тіркелу үшін осы Кодекстің 645-бабы 9-тармағының 8) тармақшасында, 654-бабының 7) тармақшасында көрсетілген эмитент-заңды тұлғаның немесе резидент-заңды тұлғаның орналасқан жеріндегі салық органына осы баптың 4-тармағында белгіленген құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін қоса бере отырып, тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішті ұсынуға міндетті.
- Қазақстан Республикасында аккредиттелген, шет мемлекеттің дипломатиялық және оған теңестірілген өкілдігі, шет мемлекеттің консулдық мекемесі салық төлеуші ретінде тіркелуге жатады. Салық төлеуші ретінде тіркелу үшін мұндай өкілдік немесе мекеме өзінің орналасқан жеріндегі салық органына Қазақстан Республикасында аккредиттелгенін растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесін қоса бере отырып, тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішті ұсынады.
- Осы баптың 1 – 14-тармақтарында аталған тұлғаларға сәйкестендіру нөмірі мен тіркеу куәлігін қалыптастыру мақсатында салық органы тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішті немесе уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтерін алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде әділет органдарына электрондық хабарлама жібереді.
- Осы баптың 1 – 14-тармақтарында аталған бейрезиденттерге сәйкестендіру нөмірін беру туралы электрондық хабарламаны әділет органдары салық органдарының электрондық хабарламасын алған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей салық органдарына жібереді.
- Осы баптың 1 – 14-тармақтарында аталған бейрезиденттерді салық төлеушілер ретінде тіркеуді салық органы осы Кодекстің 75-бабының 3-тармағында белгіленген мерзімде уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша тіркеу куәлігін бере отырып жүзеге асырады.
- Осы баптың 1 – 14-тармақтарында аталған, сәйкестендіру нөмірлері бар бейрезиденттерге қатысты уәкілетті мемлекеттік органнан мәліметтер, тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш алынған жағдайда, салық органы сәйкестендіру нөмірі мен тіркеу куәлігін қалыптастыру мақсатында әділет органдарына электрондық хабарлама жібермейді. Бұл ретте осы Кодекстің 75-бабы 2-тармағының 8) тармақшасында аталған тұлғаларды тіркеу есебіне қою олардың тәуелді агенттерінің орналасқан жері бойынша жүзеге асырылады.
А. Адильханова
Байқоңыр ауданы бойынша
Мемлекеттік кірістер
басқармасының салық төлеушілерді
қабылдау және өңдеу және салықтық тіркеу орталығы бөлімінің
бас маманы