Ковид-19 коронавирусымен күресте эпидемияға қарсы іс-шараларға қатысатын медицина қызметкерлеріне үстемақы төлеудің өзекті мәселелері туралы

Мемлекет денсаулық сақтау ұйымдарына үнемі қаржылық қолдау көрсетеді. Ковид-19 коронавирусымен дүниежүзілік күрес кезінде біздің еліміз Ковид-19 коронавирусымен күрестің алғы шебінде жүрген қызметкерлерді назарынан тыс қалдырмады.
2020 жылғы 4 сәуірде Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің «COVID-19 коронавирусымен күрес шеңберінде эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерін қаржылық қолдаудың кейбір мәселелері туралы» № ҚР ДСМ-28/2020 бұйрығы шығарылды. Осы бұйрыққа сәйкес, COVID-19 коронавируспен күрес шеңберінде жұмыс істейтін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлерін қаржылық қолдау медицина қызметкерлерінің COVID-19 коронавирусымен күрес шеңберіндегі эпидемияға қарсы іс-шараларға тікелей қатысқаны үшін қарастырылған. Қаржылық қолдау мөлшері COVID-19 коронавирусын жұқтыру тәуекелі бойынша анықталады, ал тәуекел топтары медицина қызметкерінің пациентпен байланысының ұзақтығына байланысты.
Осы бұйрықпен сондай-ақ медициналық ұйымдардың қызметкерлері лауазымдарының тізбесі белгіленді және тізбе бойынша жалақыға үстемақы мөлшері бекітілді. Осыған сәйкес үстемемақы ай сайын жұмыс уақытын есепке алу табелінде белгіленген жұмыс уақытына сәйкес жүргізіледі.
Осылайша, жоғарыда көрсетілген актіге сәйкес, жәрдемақы төлеудің келесі механизмі қарастырылған. Көрсетілген бұйрыққа қосымшаның 7-тармағына сәйкес жергілікті атқарушы орган (әкімдік) қаланың (облыстың) комиссиясын құрады. Медициналық ұйымның басшысы осы комиссияға жұқтыру тәуекелі болуын растайтын негіздер бойынша ұсыным береді және жұқтыру тәуекелі бар адамдардың тізімін лауазымын және ай сайын жұмыс істеген уақытын көрсете отырып ұсынады. Бұдан әрі Комиссия Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына (немесе бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне) эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған денсаулық сақтау жүйесінің қызметкерлерінің жалақысына үстемеақылардың есептелген сомалары туралы ақпаратты ұсынады.
Яғни, медициналық ұйым басшысы үстемақылар сомасын есептемейді және өзінің бюджетінен төлемейді. Аталған құзырет ұйымның Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына (бұдан әрі-ӘМСҚ) ұсынуына негізделген есептелген сомалар туралы өз ақпаратын ұсынатын әкімдік комиссиясында көзделген.
Әрі қарай келесі механизм қарастырылған. Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 420 қаулысымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесі (ТМККТ) ережелерін тізбесін орындау үшін медициналық ұйымдар МӘСҚ-мен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде қызметтерді сатып алу шарттарын жасасады. Осы шарттардың талаптарына сәйкес медициналық ұйымдар тегін көмек шеңберінде қызметтер көрсетеді, ал ӘМСҚ медициналық ұйымдарға ақшалай қаражатты екінші деңгейдегі банктердегі ағымдағы шотқа аудару арқылы ақы төлеуді жүзеге асырады. Шарттарға қосымшаларда сатып алынатын қызметтердің тізбесі және нақты ай сайын аударылатын сома көзделеді. Яғни, МӘСҚ әкімдік комиссиясының ақпаратына негізделген сомаларды медициналық ұйымдарға аударады.
Осылайша, жоғарыда көрсетілген актілерді талдау көрсетілген үстемеақы медициналық ұйымның есепке алу табелі бойынша жұмыс істеген уақытына сәйкес эпидемияға қарсы іс-шараларға тікелей қатысқаны үшін көзделген деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Яғни, эпидемияға қарсы іс-шараларға тікелей қатыса отырып, медицина қызметкері жұқтыру тәуекеліне ұшырайды.
Соттың қарауына түскен істерден медициналық қызметкерлер мен олардың өкілдері жоғарыда аталған рәсімді білместен, үстемеақы өндіріп алу туралы талаппен арыз беріп, істі сотқа дейін келісім комиссиясында қарау рәсімін сақтамастан, дереу сотқа жүгінетіні байқалады. Бұл ретте олар арызда міндеттердің нақты орындалуының және эпидемияға қарсы іс-шараларға тікелей қатысу дәлелдерін ұсынбайды, өндіріп алынатын үстемеақылардың нақты мөлшерін көрсетпейді.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі жеке еңбек дауларын қарау тәртібі туралы норманы көздейді.
Еңбек кодексінің 159-бабына сәйкес, жеке еңбек дауларын келісім комиссиялары қарайды. Келісу комиссиясы жұмыс беруші мен жұмыскерлер өкілдерінің бірдей санынан тепе-тең негізде ұйымдарда, оның филиалдары мен өкілдіктерінде құрылатын, тұрақты жұмыс істейтін орган болып табылады. Келісу комиссиясына келіп түскен өтінішті көрсетілген комиссия берілген күні міндетті түрде тіркеуге тиіс. Дау өтініш берушінің және (немесе) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес берілген өкілеттіктер шегінде ол уәкілеттік берген өкілдің қатысуымен қаралады.
Өтініш берушінің жазбаша келісімі болған кезде оның қатысуынсыз қарауға жол беріледі. Келісу комиссиясы дауды өтініш тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға және дау тараптарына шешімнің көшірмесін ол қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде беруге міндетті. Келісу комиссиясының шешімі, жұмысқа қайта алу туралы дауды қоспағанда, онда белгілеген мерзімде орындалуға тиіс.
Белгіленген мерзімде келісу комиссиясының шешімі орындалмаған, мәселелер реттелмеген жағдайларда, жұмыскер немесе бұрын еңбек қатынастарында болған адам не жұмыс беруші сотқа жүгінуге құқылы.
Әдетте, үстемақы туралы дау жанжал туындаған кезде немесе қызметкер әкімшіліктің бастамасымен жұмыстан шығарылған кезде туындайды. Қызметкер жұмыстан босатылған кезде оған үстемеақы берілмеген немесе толық берілмегенін деген тұжырыммен, жұмысқа қайта орналасу, мәжбүрлі жұмыстан бос уақыты үшін жалақы мен үстемеақы сомасын, сондай-ақ моральдық зиянды өтеу туралы талап қояды.
Мысалы, Нұр-Сұлтан қаласының Есіл аудандық соты медицина қызметкерлерінің денсаулық сақтау ұйымдарына үстемақы өндіріп алу туралы бірнеше талап-арыздарды Әкімдік комиссиясын, ӘМСҚ тартпастан, жеке еңбек дауларын қарау рәсімін сақтамау себептері бойынша қараусыз қалдырылды, яғни талап қоюшы алдымен Келісім комиссиясына, содан кейін ғана сотқа жүгінуі қажет.
Осы санаттағы істерді қарау кезінде тәуекел тобына кіретін лауазымдар тізбесіне де назар аудару қажет деп санаймын. Мысалы, барлық фельдшерлер үстемақы алуға құқылы емес. Сол ұйымда жұмыс істейтін, бірақ шақыруларға шықпайтын фельдшерге қарағанда өз денсаулығына қауіп төндіретін, Ковид-19 жұқтыру тәуекелі бар шақыруларға баратын фельдшердің үстемақы алуға құқы бар.
Осылайша, еңбек дауларына қатысты істердің бұл санаты аса күрделіге жатпайда, сонымен бірге заңды және негізделген шешім қабылдау үшін анықталуы керек өзіндік ерекшеліктері бар.

Қойшибаева Сәуле
Нұр-Сұлтан қаласы
Алматы аудандық
сотының судьясы