Мемлекеттік қызметкерлердің этикасы

«Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі» ҚР Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы Жарлығымен қабылданған. Бұл кодекс 5 тараудан тұрады және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қояды.
Сондай-ақ, қоғам мен мемлекет тарапынан мемлекеттік қызметшіге өзі атқарып отырған кәсіби қызметіне бар күш-жігерін, білімін, тәжірибесін салып, өз отаны – Қазақстан Республикасына адал қызмет ететіндігіне сенім білдіреді.
Аталған кодексте, мемлекеттік қызметшінің қызметтік қатынастардағы және одан тыс уақыттағы, яғни, көпшілік алдында, бұқаралық ақпарат құралдарында сөйлеу кезіндегі стандарттары қарастырылған. Соның ішінде мемлекеттік қызметшінің қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлық стандарттарына тоқталатын болсақ:
Мемлекеттік қызметші қызметтен тыс уақытта:

  • Жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануға, қоғамға жат мінез-құлық, соның ішінде қоғамдық орындарда адамның қадір-қасиетін және қоғамдағы адамгершілікке нұқсан келтіретін масаң күйде болу жағдайларына жол бермеуге;
    -Қарапайым болуға, тиісті көрсетілетін қызметтерді алу кезінде өзінің лауазымдық жағдайын баса көрсетпеуге және пайдаланбауға;
  • өз тарапынан қоғамдағы адамгершілікке, тәртіпке және қауіпсіздікке нұқсан келтіруге әкелетін заңнама талаптарын бұзуға және басқа азаматтардың құқыққа қарсы, қоғамға жат әрекеттерді жасауына жол бермеуге тиіс.
    Сондықтан, әрбір мемлекеттік қызметші жоғарыда аталған кодекстің талаптарын сақтау үшін барлық қажетті шараларды қолдануы тиіс. Мемлекеттік қызметшілер өздерінің жоғары лауазым иесі екенін дәлелдеп, барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін кәсіби қызметке жұмсап, отанымыз- Қазақстан Республикасының игілігін арттыруға арнауымыз қажет.
    Мемлекеттік қызметшілер Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының және Әдеп кодексінің талаптарын қалтқысыз орындауы керек. Оларды сақтамау жағдайлары, тәртіптік шара қолдануға алып келеді. Ал, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын мінсіз сақтауы қызметтегі бақылауды және ілгерілеуде оң әсерін тигізеді.

А.У.Кожина
Ақтөбе гарнизоны әскери
сотының Кеңсе меңгерушісі